АУЫЛ КӨШЕСІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ
- Толығырақ
- Жарияланды 17.06.2021 09:11
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 869
17.06.2021ж
Көбінесе аудан орталықтарындағы көшелерге аса мән беріліп, ал ауылдағы көшелердің назардан тыс қалып жататыны шындық қой.
Десек те соңғы жылдары шалғайдағы ауылдық елді мекендердің жағдайы да әлдеқайда жақсарып, жергілікті жолдарды жөндеу ісіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Айталық, осы уақытқа дейін мүлдем асфальт болмаған көшелерге асфальт төселіп, ауылдарға қатынайтын жолдар қалыпқа келтірілуде.
Үлкенағаш ауылдық округіне қарасты Әулиеағаш ауылының О.Елубаев көшесіне 2,200 метріне асфальт төселді және Б.Сайназаров көшесіне 1700 метріне шағыл төселді. Шағыл төсеу жоспарда болмасада, жұмыс жүрді. Ауыл тұрғындары ауыл көшелеріне асфальт төсеуге ауқымды үлес қосқан «Максдорстрой сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне және оның бригадирі Сұлтан Байрамовқа дән риза. Сондай-ақ жасап берген алаңды көркейтуге ауыл тұрғындары да атсалысқан. Мәселен, ауылдың белсенді, өте сыйлы азаматы Әнуар Күлшашаров спорт залының қасындағы алаңға күл-қоқыс салғыштар орнатып берді. Тұрғындар болса осындай игі істің алдағы уақытта әлі де жалғасын табатындығына зор сенім білдіреді.
Жаңадан төселген асфальтты аталған ауылдың әкімі Ермек Нұрахметұлымен бірге «Nur Otan» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Құрманжан Аубекұлы және ауыл тұрғындары, «Максдорстрой сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мүшелері бірге аралап, көріп қайтты. Ауыл әкімі Е.Нұрахметұлы алдағы уақытта осы шағын алаңқайды көркейту мақсатында шағын алаңқайға демалуға ыңғайлы болу үшін отыратын орындықтар, күзге таман жан-жағына қарағай отырғызуға да ниетті екендіктерін айтты. Мұнымен қоса, «Nur Otan» партиясынан Алматы облыстық мәслихатындағы VII-ші шақырылым депутаты Серік Ақсубаев ағамыздың Арасан-Көктал жолын жасап, болашақта мүмкіндік болса Әулиеағаш округіне өз ықпалын жасаймын деп жүргендігі де айтты. Жалпы осындай игі істер ауыл тұрғындарының зор қуаныш сыйлайтындығы анық.
А.ХАМЕТЖАНОВА.