Әкім бол, халқыңа жақын бол! елімізде 2021 жылғы 25 шілдеде ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді

23.07.2021ж

25 шілдеде  еліміздің    бірқатар   өңірінде ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді. Сайлаудың  бұл  түрі  елді  демократияландыруға бағытталған, халықтың талабын ескере отырып, таңдау жасау құқығын беруді көздейтін маңызды бетбұрыс болады деген үмітпен қолға алынып отыр.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2020 жылғы I қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізудің қажеттігін айтып, маңызды бастама көтерген болатын.
Президент Жолдауын іске асыру үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігі аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды енгізуге арналған тиісті түзетулерді әзірледі. Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыровтың айтуынша, 800 ауыл әкімін тікелей сайлау осы жылдың екінші жарты жылдығында, қазіргі әкімдердің өкілеттік мерзімі шыққан кезде өтеді.
Ауыл әкімдерінің сайлауын қаржыландыру жергілікті бюджет арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекет басшысының бастамасымен тұңғыш рет жүзеге асып отырған бұл саяси додада бірқатар өзгерістер бар. Мәселен, бұрын әкімдерді аудандық немесе қалалық мәслихаттардың депутаттары сайлаған болса, биылдан бастап ауыл басшысын халықтың өзі таңдайды. Яғни, жанама сайлау үрдісі тікелей сайлауға ауысады. Биылғы сайлаудың ерекшелігі де осында. Бұл ауыл әкімін халық өзі сайлайды деген сөз.
Сарапшылардың айтуынша, сайлаудың бұл түрі елді демократияландыруға бағытталған, халықтың талабын ескеріп, таңдау жасау құқығын беруді көздейтін маңызды бетбұрыс болады деген үмітпен қолға алынуда.
Десек те, ауыл әкімі болуға кімдер лайықты? Қалың көпшілік кімдердің басшылыққа келгенін қалайды? Заң тұрғысынан алғанда кімдердің әкім болуға құқығы бар?
Ең біріншіден, ел басқаруға халықтың мұңы мен жоғын жоқтайтын, тұлғалық қабілеті зор, білімімен қатар, тәжірибесі жоғары тұлғаның келгені маңызды.
Екіншіден, ауылды басқаруға лайықты тұлға, заңды белгіленген 25 жастан асқан, жоғары білімді болуы міндетті. Болашақ әкімнің сотталғанын және жүйке ауруы мен наркологиялық ауру бойынша есепте тұрмайтыны мен тұлғалық қабілеті де маңызды рөл атқарады.
Сонымен халық 25 шілде 730 елді мекеннің оның ішінде біздің ауданда 4 елді мекеннің жаңа басшысын таңдайды.
Б.Тлеухан.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4849412