ҚҰРЫЛЫСШЫ - ҚҰРМЕТТІ МАМАНДЫҚ

13.08.2021ж

Елімізде тамыз айының екінші жексенбісінде құрылысшылар күні аталып өтіледі. Экономикамыздың қарыштап дамуына осы сала қызметкерлерінің қосқан үлесі қомақты. Кәсіби айшықты мереке біздің елде 1998 жылдан бері аталып келеді.

Құрылыс индустриясы - экономиканың негiзгi iргетасы. Кез келген елдiң экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтiк тұрақтылығы құрылыс саласының дамуына тiкелей байланысты. Мемлекет басшысының қолдауымен Тәуелсiздiк жылдары елiмiзде құрылыс саласын дамытуға барынша жағдай жасалды. Отандық құрылыс индустриясы қанат жайып, құрылыс материалдарын шығаратын өндiрiс орындары көбейдi.
Біздің жазиралы Жаркент өңірі де жылдын жылға көркейіп, биік-биік үйлер, ғимараттар жыл өткен сайын бой түзеп келеді. Өңірімізде өркендеп жатқан құрылыс саласында, пайдаланылуға беріліп жатқан барлық нысандардың барлығында дерлік құрлысшылардың қолтаңбалары бар. Сондықтан құрылысшы еңбегi қашан да құрметке лайық! Барлық құрылысшы мамандық иелерін төл мерекелерімен құттықтап, ел экономикасының дамып, көркеюіне қосқан үлестерінің жемісін көре берсін деп тілейміз!

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4850359