шекара шебін күзеткен қырағы сарбаздар

20.08.2021ж

Мемлекеттік шекараның беріктігі – елдіктің басты белгілерінің бірі. Еліміз шекарасын шегендеп, іргемізді берік етіп бекіту жолында ауқымды жұмыстар атқарды.

Тәуелсіздігіміздің алғашқы күнінен бастап еліміздің тыныштығы мен шекара қауіпсіздігін шекарашылар адал атқарып, қырағы қызмет етуде. Шекара шебінде жүрген сарбаздарымызды ұлықтау мақсатында мерекелік дата енгізілген болатын. Яғни, 18 тамыз – Қазақстанда шекарашылар күні. Осыдан 29 жыл бұрын еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Шекара әскерлерін құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Алайда айтулы дата Қазақстанның мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне 2012 жылғы 29 тамызда ғана енгізілді.
Шекара шебін күзеткен қырағы сарбаздар еліміздің Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ұлан-ғайыр мемлекеттік шекарамызды қорғаудағы еңбектеріңіз орасан. Осыған орай, төмендегі жыр шумағын арнаймыз:

Кең байтақ ұлан-ғайыр жеріміз бар,
Тәуелсіз көк байрақты еліміз бар.
Егіні жер үстінде толы болса,
Жер астында бітпейтін кеніміз бар.
Тарихтардан жалғасып бізге жеткен,
Шекара кең бабалар сызып кеткен.
Жауға бермей елімнің әрбір жерін
Талай батыр жандарын құрбан еткен.

Ағаларым жерім үшін терін төккен,
Рахымжаным бірінші боп туын тіккен.
Жау қолына беруге хақымыз жоқ
Отанды адал қорғаймыз шын жүректен.

Бүгінде елдің шекарашы ұландары
Биікте самғайтын бар қырандары.
Шекараны қорғаймыз жан шыққанша
Айқайлап айтар осы ұрандары.

Бүгін міне 75 жыл шекараға,
Жаудың көзі түспесін шекарама.
Қорғайды қазақтың әр жауынгері
Көзі ашық кеудесінде жаны аманда.

Шекара елім жерім аман болсын
Қазақстан алынбас қамал болсын
«Қой үстінде бозторғай жұмыртқалап»
Осындай бір тыныштық заман болсын!
Жарқын НҰРМҰҚАЕВ,
Жедел-техникалық бөлімнің
келісім-шарт қызметкері.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4851022