Саяси дамудың жаңа деңгейі
- Толығырақ
- Жарияланды 01.06.2022 10:50
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 631
2022-05-23
Биылғы жылдың 5 маусымында республикалық референдум өткізіледі. Еліміз түбегейлі өзгерістердің алдында тұр. Оның негізгі қозғаушы күші – осы конституциялық реформалар болмақ. Бұл реформалардың мәні – еліміздегі демократияны нығайту, азаматтардың мемлекет ісіне араласу мүмкіндігін арттыру. Міне, сондықтан президентіміз Ата Заңға енгізілген өзгерістерді халықтың талқысына салып, көпшіліктің шешіміне сүйеніп қабылдауды көздеп отыр.
Осыған орай, аудандық ардагерлер ұйымының және аудандық аумақтық референдум бойынша құрылған штабының төрағасы Тоқтарбай Керімқұлов Пенжім ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, Ата Заңымызға өзгертулер енгізудің халыққа пайдасы мен маңыздылығы, өзектілігі мен негізгі мақсат-міндеттері туралы ауылдық округ тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алдағы өзгерістер адам құқықтарын қорғауға тікелей бағытталатынын және Конституциялық сот мәртебесі мен басқа да артықшылықтарын жан-жақты талқылады.
Тоқтарбай Әкімұлы кездесу барысында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылғалы отырған Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістерді халықтың, елдің талқысына шығару, бірлесе жұмыс жасауы қос қолдап қолдауға лайықты іс екендігін атап өтті. Халық пен билік жұмыла жұмыс атқарған жерде бейбітшіліктің туы қашанда биік тұратындығын әрі бұл елдегі әрбір азаматқа күш-жігер беріп, рухын көтеретіндігін де тілге тиек етті. Референдумға ауыл болып атсалысу керектігін, халықтың таңдауы өте орынды шешім екендігін, Жаңа Қазақстанның гүлденіп дамуы жолында әрқайсымыздың себепші болғанымыз дұрыс деді. Әрбір сөзді ұйып тыңдаған ауыл халқы референдумға келіп, міндетті түрде дауыс беруге қатысып, дұрыс таңдау жасаймыз деп тарқасты.
(Өз тілшіміз).