Азаматтық ұстанымның айқын көрінісі

2022-05-23


    Ауданымыздағы жалпыхалықтық референдумның мән-маңызын түсіндіру, ақпараттық қолдау жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Насихаттық жұмыстардың      басты мақсаты – елімізде жүргізілгелі отырған үлкен саяси науқан туралы халықты толыққанды ақпаратпен қамту.

 Өңіріміздегі референдум бойынша құрылған аудандық штабта 36 мүше бар. Референдум бойынша түсіндірме жұмысын жүргізу үшін аудандық штаб арнайы график бекітіп, графикке сәйкес ауданға қарасты 42 елді мекеннің барлығына дерлік түсіндірме жұмыстарын өткізді. Жалпы бекітілген графикке сәйкес штаб мүшелері 8 топқа бөлініп, конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар етті.
    Аудандық аумақтық референдум бойынша құрылған штаб өкілдері, атап айтсақ штаб төрағасы Тоқтарбай Әкімұлы өңірдегі ауылдық елді мекендерге барып, ауыл тұрғындарымен, мұғалімдермен, мәдениет саласының қызметкерлерімен, малшылармен, диқандармен, базардағы сатушылармен, ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен,  дәрігерлермен сонымен қатар, аудан орталығындағы «ЖЭРС», «СЭС», «Қазпошта», «Қазақтелеком», «Қазсушар», білім бөлімі, аудандық жұмыспен қамту орталығы, білім беру ұйымдары, аудандық аурухана, этномәдени орталықтар мен әскери бөлімдердің ұжымдарымен және тағы басқа да көптеген сала өкілдерімен тікелей жүздесіп қайтты. Келелі кездесулерде халықпен ашық диалог орнап, пікір алмасулар орнады. Түсіндіру жұмыстары барысында ауданға қарасты Басқұншы, Пенжім, Бірлік, Үлкеншыған, Шолақай, Сарыбел, Көктал, Үлкенағаш, Үшарал, Қоңырөлең, Жаскент ауылдық округтеріне қарасты барлық елді мекендер қамтылды.
    Штаб мүшелері халықпен кездесулері барысында азаматтар мемлекеттік билікті атқаруға қатысуға беріліп отырған мүмкіндіктерді, өздерінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында беріліп отырған мүмкіндіктердің мәнін терең түсіне отырып, референдумға белсене қатысады деген сенім білдірді.
(ӨЗ ТІЛШІМІЗ).

Күнтізбе

« Тамыз 2022 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net

  • Материалды қарау саны : 2719641