Референдум демократияның жарқын көрінісі

2022-05-23


    Қазақстан Республикасы 30 жылда әлемдік қауымдастыққа өзінің бейбітшілік сүйгіш идеяларымен танымал әрі ядролық сұрапыл қарудан өз еркімен алғаш бас тартқан жер бетіндегі алғашқы мемлекет болды.
    Өз конституциясы, мемлекеттік рәміздері,  халықаралық деңгейде мойындалған мемлекеттік шекарасы бар, нарықтық экономикаға бейімделген елге айналуымыз мемлекет құраушы қазақ халқының өзге ұлт диаспораларымен қарым-қатынасқа татулық пен бірлікте болуының нәтижесі деп түсінуіміз керек.

 

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев билік құрған 3 жыл көлемінде елімізде саяси реформаларды жасауға бет бұрушылық пен әлеуметтік әділеттілік қағидаларын орнатуға өз мүмкіндігінше қадамдар жасап келе жатқанын  «мың өліп, мың тірілген» қайран көнбіс қазағымыз көңіліне медеу тұтып, болашақтан жақсы үміт күтіп отырғаны рас.
    Дүрбелеңге толы қазіргі уақытта саяси реформалар мен әлеуметтік әділеттіліктің шынайы салтанат құруы үшін басты заңымыз-Конституцияға өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады деуге болады.  Суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға түбегейлі көшу, бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу, Парламенттің рөлін күшейтіп, мәртебесін арттыру, ел басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру мәселелдері бойынша референдум өткізілейін деп отыр.
    Мен тәжірибелі заңгер ретінде Конституциялық сот институтының  пайда болуын құптаймын. Оған жүгінуге азаматтарға кең құқық берілуінің өзі кейбір соттардың әділетсіз, сауатсыз шешімдеріне қажетті тосқауыл қояды деп есептеймін. Конституцияға енгізілгелі отырған тың өзгерістер бойынша президенттің құзыреті азаяды, Мәжілістің құзыреті артады, партияларды тіркеу тәртібі жеңілдейді, Парламент мәжілісіне және жергілікті мәслихаттарға тікелей сайлау, можаритарлық жүйе енеді. Бұл өзгерістер     Парламент пен мәслихаттардың халыққа есеп беру жауапкершілігін жаңа сапалық деңгейге көтеретін болады.
    Конституцияға енгізілетін өзгерістер қазақ мемлекетін дамудың жаңа сапалық деңгейіне көтеріп, халқымыздың әл-ауқатын жақсартады деп сенемін. Сол үшін президентіміздің оң өзгерістерге бағытталған қадамдарын бүкіл халық болып қолдап, арандатушылыққа ермей, сабыр сақтап, татулық пен бірлікте  әрбір қазақстандық ортақ Отанымыз - тәуелсіз Қазақстанның дамуы үшін аянбай еңбек етулері керек деп есептеймін.
     Мен шынайы, кеңінен халықтың талқылауынан  өткен референдумды қолдаймын. Шынайы демократия, плюрализм, әлеуметтік-құқықтық әділеттілік, билік пен заң алдында барлық азаматтарымыздың тең құқығы сияқты конституцияға енгізілгелі отырған тың өзгерістер тәуелсіз қазақ мемлекетін жан-жақты дамудың жаңа деңгейіне көтеретін болады. Референдум демократияның жарқын көрінісінің бірі деп есептеймін.
БЕКМҰХАМЕТ СЕРІКБАЕВ,
«Қазақстанның Заңгерлер және
Журналистер Одақтарының мүшесі»,
«Мейірім» Жаркент арнаулы  әлеуметтік қызмет көрсету орталығы»      
 КММ-нің заңгері.

Күнтізбе

« Тамыз 2022 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net

  • Материалды қарау саны : 2737183