Үздіктерге құрмет көрсетілді

2022-06-17



          Дәрігер - сырқатты жанның дертіне дауа, еміне шипа іздеп шарқ ұрып, азаматтардың саулығы үшін  аянбай  тер төгетін аяулы да жауапкершілігі  мол кәсіп иесі. Осынау ардақты мамандықты  меңгеріп, ғұмырын денсаулық саласына арнаған жандарды қалай мақтасақ та жарасады. Аудан әкімі Марат Сағымбектің  қатысуымен Мәдениет үйінде алғыс арқалаған  абзал жандар - медицина қызметкерлері күніне арналған жиын болып өтті.


         Өңірдің ақ халатты  абзал жандарының құрметіне  арналған жиынға аудан әкімі Марат Сағымбек қатысып, денсаулық сақтау саласы қызметкерлері мен ардагерлерін жылына бір рет  айналып келетін мерекесімен құттықтады.  Аудан халқының денсаулығын арттыруға  үлкен үлесін қосып жүрген  дәрігерлер қауымын құттықтаған Марат Сағымбек, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың  денсаулық сақтау саласына айрықша  көңіл бөлетіндігін  айта келіп, өңір бойынша соңғы жылдары  тұрғындар денсаулығын жақсарту бағытында жақсы жетістіктерге қол жеткізіліп отырғандығына  назар аударды.
          Бұл тұрғыда мемлекет  тарапынан  денсаулық сақтау  саласы барынша қолдау көрсетілуде. Нәтижесінде тұрғындарға сапалы  және қолжетімді  медициналық қызметтер  көрсету қамтамасыз етіліп, ауданымыздың  денсаулық сақтау саласы жүйелі түрде дамып келеді.Бөлінетін қаржы көлемі де жылдан-жылға  ұлғайды. Емдеу мекемелерінің материалдық-техиникалық     базасы   жақсара түсуде  деп, - өңірдегі денсаулық саласына қатысты  бірқатар оңды  өзгерістерді тілге тиек еткен аудан  әкімі маңызды   кәсіп иелеріне  үлкен алғысын  жеткізді
          Салтанатты жиын барысында  аудан әкімі  бір топ  медицина қызметкерлерін үлгілі қызметтері үшін наградалармен  марапаттап, сый-сияпат жасады.
          Дәрігерлер қауымы үшін жыл құсындай  сағындырып келетін аталмыш мереке өз деңгейінде  өтіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй  сыйлады. Біз де өз кезегінде ақ халатты абзал жандардың қызметіне  табыс тілеп тарқадық. Кеш соңы мерекелік концертке ұласты.
                                                                                                                                                            Б. Бейсенқызы

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4130140