Президент Жолдауын талқылау
- Толығырақ
- Жарияланды 12.10.2022 03:54
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 571
2022-10-12
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті Мемлекет. Бір тұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауын жариялады. Оның басты бөлігі экономикалық даму мемлекеттік басқару ісін жаңғырту елдің әлеуметтік дамуына арналғаны белгілі.
Үстіміздегі аптада Үшарал және Көктал ауылдық округінде Мемлекет басшысының Жолдауын халық арасында талқылап түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің, Жетісу облысы бойынша Департаментінің басшысы Зайда Ілімжанова және бөлім басшысы Мәулен Сүлеймен мен Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры филиалының бас маманы Бауыржан Қабдрахманов келіп кездесу өткізді.
Кездесу барысында Мәулен Бағдәулетұлы Жолдауда аталған әлеуметтік мәселелер бойынша асыраушысынан айырылуына байланысты, жұмысынан айырылу, бала туғанда берілетін бала күтіміне арналған жәрдемақылар, отбасының цифрлық картасын енгізу басталғандығы, әйел азаматтардың 61 жасқа зейнеткерлікке шығу деңгейіне 25 жылға дейін тоқтау, зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар топтамасы ұсынылғандығы туралы мәселелерге тоқталса, ал Бауыржан Серікұлы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жарна төлеген азаматтар үшін жұмысынан айрылған кезде әлеуметтік төлемдер мөлшері орташа айлық табыстың 45%-ына дейін құрайтындығын және бала күтімі кезеңінің 1,5 жасқа дейін ұзартылғандығын, зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар кешені ұсынылғанын және басқа да әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік қызмет түрлерін проактивті форматта алып-тағайындау жайына жеке-жеке тоқталып, толыққанды түсіндіріліп, халықты толғандырып жүрген сауалдарға жауап берілді.
Гүлнәр Кибраева, Панфилов ауданының ЖҚӘББ басшысы.