ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАУ «БІРЛІК» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
- Толығырақ
- Жарияланды 22.10.2022 09:17
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 497
2022-10-22
Бүгін Панфилов ауданында орналасқан Алтыүй ауылдық мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу өтті.Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті жолдауын талқылау мақсатында өткен кездесуге «Бірлік» бастауыш партия ұйымының төрағасы Мухаметжан Дидар Сембекұлы қатыстып, жолдау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиында Президентіміздің заманауи даму жолдарын ескере отырып, қазақ тілінің мәртебесіне, халықтың денсаулығын нығайтуға, білім саласы мен жастарға, кәсіпкерлерге қолдауды күшейту қажеттігіне, сондай-ақ ұлттық қордың табысын қарапайым бұқараның есебіне аударуға баса назар аударғаны халықтың әл-ауқатын жақсартуға көзделген негізгі шаралардың маңыздылығы айтылды.
Жиын соңында барша тұрғындар Жолдауды қолдайтындарын жеткізді.