Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

2022-10-27


Жаркент өңірінде халықтық коалиция атынан ұсынылған ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдау бойынша үгіт-насихат жұмыстары қызу.
Аясында өңірлік қоғамдық штаб төрағасы Ерлан Өмірғалиұлы және штаб мүшелері "Диана" жоғары медициналық колледжіне барып, мекеме қызметкерлерімен кездесті.

 

Жиында алдағы ел тағдырын айқындайтын саяси науқанның өзектілігі айтылды. Бұл кезеңде тұрғындардың белсенділігі маңыздылығы атап өтілді. Игі шарада Қ.К.Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылған басты қағидалар жіті түсіндірілді. Онда тұрғындардың талай жылдан бері көкейінде жүрген мәселелер, қоғамда қордаланған проблемалардың шешілу жолдары нақтыланған.  Бұл-болашаққа деген батыл шешімдер, - деді Панфилов аудандық қоғамдық штаб төрағасы. Сонымен қатар, Ерлан Өмірғалиұлы маңызды құжатта айтылған білім саласын дамыту, ұстаздар мен жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған реформалар туралы кеңінен айтылды. Шара барысында қатысушылар тарапынан түрлі сұрақ қойылып, тұшымды жауап берілді.

Күнтізбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4169646