Сауда үйінде өткен экспром кездесу

2022-10-28


                      Бүгін ҚР Президенттігіне Халықтық коалициядан ұсынылған үміткер Қ.Тоқаевтың Жетісу облыстық қоғамдық штаб мүшелері Ризван Абдуликимқызы, Төлебай Бакенұлы және Панфилов аудандық штаб мүшелері Медет Әкімжанұлы, Қуаныш Серікұлы, Алмаз Бақытұлы "Болашақ" сауда орталығында экспром-кездесу ұйымдастырды.
Жиынның мақсаты - алдағы кезектен тыс президенттік сайлаудың маңыздылығы мен басты құндылықтарын дәріптеп, тұрғындардың мемлекет басшысын тағайындауға атсалысуы.


               - Сайлауалды бағдарламаның орындалуы – ел сенімін нығайтады. Қ.Тоқаев бағдарламасында айтылғандай, елімізде жас ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін 100 ірі орталық салынады. Атап айтқанда, оқушылар сарайлары, жас техниктер станциялары, балалар технопарктері, музыка және көркем өнер мектептері бой көтереді. Әрбір оқушы өзі қалаған спорт секциясына, шығармашылық үйірмеге тегін қатыса алады. Балалардың денсаулығын жақсарту үшін елімізде 50 сауықтыру лагері ашылады. Міне, болашағын ойлаған ел ұрпағына бар жағдайды жасайды, - деді Төлебай Бакенұлы.
                 Штаб мүшелері сауда дүкеніндегілерге ел болашағының жарқын болмағы үшін бірлікпен тірлік ету жайын айтты. Өйткені Қасым-Жомарт Тоқаев келелі бастамаларға, жүйелі реформаларға бастамашы болып жүр.
Алдағы уақытта медицина мамандарын даярлау ісін және профилактикалық жұмыстар күшейтіледі. Әрбір қалада, аудан орталығында, ірі ауылдарда сапалы дәрігерлік көмек көрсетілетін болады. Бұл – Әділетті Қазақстанды құру үшін аса маңызды басымдықтың бірі. Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы көлемі ұлғаяды. 2027 жылы оның көлемі жалпы ішкі өнімнің кемінде 5 пайызына жетеді. Дәрігер мамандығының беделін арттыру үшін олардың биік мәртебесі заң жүзінде бекітіледі. Медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіледі, - деді Панфилов аудандық штаб мүшесі Медет Әкімжанұлы
                    Жалпы кездесу барысында "Болашақ" сауда орталығына келушілер Қасым-Жомарт Кемелұлының Әділетті Қазақстан құру бағытындағы барша реформалары  қазақстандықтардың дәйекті дамуына үлкен серпін беріп, көңілдеріне сенім ұялатып отырғанын айтып, Тоқаев кандидатурасын қолдайтынын білдірді.

Күнтізбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4163755