Штаб мүшелері аудандық кәсіпкерлермен кездесті

2022-11-03


                 Бүгін ҚР Президенттігіне Халықтық коалициядан ұсынылған кандидат Қ. Тоқаевты қолдау жөніндегі Панфилов аудандық қоғамдық штабының мүшелері аудандық филиал ғимаратында кәсіпкерлермен кездесу өткізді.  Жиын барысында облыстық қоғамдық штаб мүшелері Төлебай Бәкенұлы,Ризван Абдуликимқызы және аудандық қоғамдық штаб мүшесі Құрманжан Аубекұлы сөз сөйледі.

 

                  Төлебай Бәкенұлы: «Елімізде өткелі жатқан Президент сайлауы туралы көп айтылды және оның мәні мен маңызы түсіндірілді. Әркім өзінің тариxи миссиясын орындады. Атап айтқанда, реформаны тиімді жүзеге асыру тұрғысында қажетті қадам жасалды. Менің ойымша, еліміздің халқы даму жолындағы шешімді дұрыс қадам ретінде қабылдады.  Басшымыз жүргізіп отырған саясаттың арқасында біз алдағы белестерді сенімді түрде еңсеріп келеміз. Сондықтан осы сайлау мақсат-міндеттерді тиімді орындауға жаңа серпін береді» - деп сайлаудың маңыздылығына тоқталды.

               Ризван Абдуликимқызы сөз арасын суытпай, кәсіпкерлік туралы тақырыпты жалғап, сөз сөйледі. “Кәсіппен айналысу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Қазіргі таңда өз-өзіңе жұмыс жасап, табыс табудан артық ештеңе жоқ. Біздің президентіміз де кәсіпкерлікті қолдап, іс жүзінде мүмкіндіктер жасауда. Сол себепті мемлекет басшысының бізге ұсынған идеясын жалғастырып, дамыту сіздердің қолдарыңызда. Құрметті кәсіпкерлер, жұмыстарыңыз алға баса берсін! Бұйырса алда келе жатқан сайлауды жақсылап өткізейік!”- деді.

               Жиынды аудандық қоғамдық штаб мүшесі Құрманжан Аубекұлы өз сөзімен аяқтады. Ол: “ Президент сайлауы- әрқайсымызға маңызды процесс. Осы сайлауда бәріміз бірдей атсалысуымыз керек. Өз ұжымдарыңызда осыған байланысты түсіндіру жұмыстарын дұрыс жасауларыңызды сұраймыз. Себебі сайлау ел болашағына әсер ететін маңызды саяси науқан. Қазақстанның әр азаматының дауысы еленеді” дей келе, мемлекет басшысының еңбегін тілге тиек етіп, шараға қатысушыларды Қ.Тоқаевқа  дауыс беруге шақырды.

               Жиын соңында ізгі тілектер айтылып, мемлекет басшысының реформаларын талқылап, көпшілік жақсы көңіл-күймен тарқасты.

Күнтізбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4163794