Ауыл ақсақалдары саяси науқанда шын көшбасшыны таңдайды

2022-11-10


ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдың жерлердің әлеуетін арттыруды өз сайлауалды бағдарламасында басты басымдық ретінде қарастырған. Өйткені, еліміздің 60 пайыздан астам тұрғыны ауылдық жерлерде тұрады. Осынша халықтың жағдайын жақсарту еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуына септеседі.

 

Сондықтан, Қ.Тоқаев сайлауалды бағдарламасында, ауылдық жерлерді алдағы үш жылда дамытуды басты нысанаға алып отыр. Алдағы уақытта ауыл шаруашылық кооперативтерін дамыту үшін 1 трлн. теңге бөлініп, 350 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Демек, бұл бастама өзегінде ауылдың өзі ғана емес, сондағы ағайынның әлеуметтік ахуалы көтеріледі деген сөз. Қ.Тоқаев сайлауалды бағдарламасында суармалы егінмен айналысуға да баса назар аударып отыр. Мәселен, алдағы уақытта жалпы ұзындығы 3,5 мың шақырым суармалы каналдар қайта жаңғыртудан өтіп, 16 су қоймасы күрделі жөндеуден өткізіледі. Міне, осындай жүйелі әңгіме Панфилов ауданы, Үшарал ауылында ауыл ақсақалдармен кездесуде сөз болды. Жиында Қ.Тоқаевтың Жетісу облыстық қоғамдық штаб төрағасы А.Арын, М.Аубакакиров, Т.Елеусизов ауыл тұрғындарына кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарын насихаттады.
- Сайлауалды бағдарлама бойынша Қ.Тоқаев халықтың жағдайын жақсартуды басты мақсат етіп отыр. Әуелі ел тұрғындарының денсаулығына баса назар аударылуда. Мәселен, алдағы уақытта медицина мамандарын даярлау ісін және профилактикалық жұмыстар күшейтіледі. Әрбір қалада, аудан орталығында, ірі ауылдарда сапалы дәрігерлік көмек көрсетілетін болады. Бұл – Әділетті Қазақстанды құру үшін аса маңызды басымдықтың бірі. Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы көлемі ұлғаяды. 2027 жылы оның көлемі жалпы ішкі өнімнің кемінде 5 пайызына жетеді. Дәрігер мамандығының беделін арттыру үшін олардың биік мәртебесі заң жүзінде бекітіледі. Медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіледі, - деді А.Арын.
Кездесу барысында облыстық қоғамдық штабының мүшесі М.Аубакиров сөз алып, ел тұрғындарының басты мақсаты - Әділетті Қазақстан құру екенін тілге тиек етті. Мемлекет енді монополияны түбегейлі жойып, кірістерді әділ бөлуді қамтамасыз ететін болады. Еңбек еткен және көмекті қажет ететін азаматтарға мемлекет қолдау білдіреді. Енді әр елді мекенде ауыз су тапшылығы толық шешіліп, азық-түлік қауіпсіздігі нығайтылатынын сөз етті спикер. Ауылдық округ ақсақалдары сайлауалды бағдарламаның өзегінде көтерілген басымдықтарға разылық білдіріп, елдің дамуы үшін отаншыл тұлғаға дауыс беретінін жеткізді.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4852790