Өндіріс ұжымы өрісті қадамдарды қолдайды

2022-11-10


Елімізде отандық өндірісті дамыту мен өрістетуге инвестиция маңызды қаржылық тетік болып отыр. Мемлекетімізге тәуелсіздік алған уақыттан бері 370 млрд. доллар инвестиция құйылыпты. Осының 30 пайызы мұнай-газ, 23 пайызы кен байыту және металлургия, 17 пайызы өңдеу өнеркәсібіне бағытталған. Инвестиция - тек өндіріс орнына құйылған қаржы ғана емес, жаңа жұмыс орнының ашылуына бағытталған тиімді тетік. Мәселен, 2020 жылы шетелдіктердің инвестиция құюы нәтижесінде 41 жоба жүзеге асып, 7 мың жаңа жұмыс орны құрылыпты.

 

Демек, осынша тұрғынның жұмыс істеуіне, нәпақа табуына, әлеуметтік жағдайын жақсартуына жағдай жасалды деген сөз. ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына сай, алдағы уақытта отандық экономикаға 150 млрд. теңге инвестиция тарту көзделген. Бұл да экономикаға ғана емес, ел тұрғындарының әлеуметтік ахуалына оң серпін болмақ. Міне, осындай негіздегі ауқымды мәселелер Жаркент қаласындағы «Универсал» крахмал-сірне зауытының ұжымымен кездесуде сөз болды. Ел дамуының ерекшеліктері жайында әңгіме қаузалған жиынға Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі облыстық қоғамдық штаб мүшелері Мұрат Амангелдіұлы, Төлебай Бакенұлы, Ризван Абдуликимқызы мен аудандық қоғамдық штаб мүшелері қатысты.
Қ.Тоқаев жақтастарының сөзінше, қазіргі уақытта шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі жалпы ішкі өнімдегі үлесі 33,5 пайызды құраса, атаулы салада жұмыс істейтіндердің 3,5 млн. адамды құрап отыр. Бұл шағын және орта бизнестің ел экономикасына әсерінің қаншалықты маңызды екенін аңғару қиын емес.
- Кандидаттың сайлауалды бағдарламасына сәйкес, Әділетті Қазақстанда заң талаптарын сақтайтын кез келген шағын, орта және ірі бизнеске лайықты жағдай жасалады. Бизнестің бәсекеге қабілетін арттыруға кедергі келтіретін нәрсенің бәрі жойылады. Сонымен қатар, құнды активтерді жекешелендіру қатаң бақылау арқылы жүзеге асырылады. Сайлауалды бағдарлама бақуатты Қазақстанға бастайтын жолдама болып тұр. Сондықтан дамыған һәм өркенді Қазақстанды көргіміз келсек, сайлаудан қалыс қалмауға шақырамын, - деді Мұрат Амангелдіұлы.
Жиын соңында штаб мүшелері «Универсал»  крахмал-сірне зауытының ұжымын алдағы саяси науқанда Қ.Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға шақырды.

Күнтізбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4163775