Сенімді өкілдер Әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырды

2022-11-16


                    Бүгін ҚР Президенттігіне Халықтық коалициядан ұсынылған кандидат Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі Панфилов аудандық қоғамдық штабының мүшелері ауданның жас спортшыларымен кездесті. Жиын барысында облыстық қоғамдық штаб мүшелері Төлебай Бәкенұлы, Ризван Абдуликимқызы және аудандық қоғамдық штаб төрағасы Ерлан Өмірғалиұлы мен штаб мүшесі Қуат Мәметайұлы сөз сөйледі.


               – Сайлауалды тұғырнамада «Әділетті Қоғам», «Әділетті Экономика», «Әділетті Мемлекет» деп аталатын үш жақты құрылым бекітілген. Бәрімізді біріктіретін Әділетті Қоғам. Қоғамдық саяси тұрақтылық әркім үшін маңызды. Басты ұстаным - ел дамуындағы әділетті қоғам құру. Баршаңызды ел мүддесі жолында әділетті қоғам құруға негізделген бағдарлама үшін дұрыс таңдау жасауға шақырамын, – деді сенімді өкіл Ерлан Өмірғалиұлы.
Жалпы шара барысында кандидаттың сенімді өкілі Ризван Абдуликимқызы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстан құру бағытындағы барша реформалары қазақстандықтардың дәйекті дамуына үлкен серпін беріп, көңілдеріне сенім ұялатып отырғанын айтып, үміткердің кандидатурасын қолдауға шақырды.

Күнтізбе

« Қаңтар 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4862575