Елдің келешегі үшін дауыс берейік

2022-11-17


           Елімізде 20 қараша кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Президент сайлауы деген еліміздің тағдыры үшін, маңызды оқиға екенін түсінуіміз керек.

 

          Президенттік сайлау - халықтың бірігуінде, бағыт –бағдарымызды айқындауда және ертеңгі күнге деген сенімді  нығайтуда маңызы өте зор. Қандай жағдай болмасын, қазақ халқы алдағы сайлауда ынтымақтастығын көрсете алады деп ойлаймын. Соңғы үш жылда жасалған өзгерістер мен конституциялық реформа мемлекеттік саяси құрылымының жаңа үлгісін қалыптастырған көрер көзге белгілі.

         Сайлау –елдің бүгіні мен ертеңіне тікелей әсер ететін науқан. Сәйкесінше, кезекті науқан елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін жұмыстарды бастап бермек. Сол арқылы экономиканы  тұрақты дамытуды, халықтың әл –ауқатын артырып, тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады.           Ендеше, әр біріміз сайлау науқанының ашық әрі әділ өтуін қадағалауға, оған белсене араласуға міндеттіміз.

         Жаңа Қазақстан құрудағы қадамымыз оңынан болсын. 

         Отаным, елім деп өз болашағына алаңдайтын азамат дәл осы күні келіп өзіңнің дауысын беруі керек.

        Елдің келешегі үшін дауыс берейік.

         Өйткені әркімнің дауысы маңызды.

 

  Бағдат Бейсенқызы,

«Панфилов ауданының

Құрметті азаматы»,

Панфилов ауданының

Мәслихатының депутаты,

«Жаркент өңірі» газетінің

директор – бас редакторы.

 

                   

Күнтізбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4175793