20 қараша Қазақстан халқы үшін, болашағымыз үшін өте маңызды күн

2022-11-17


           Бұл сайлау бұрынғы сайлаудан өзгеше болғалы тұр. Себебі, еліміздегі ауқымды саяси жаңғыру мен өзгерістер кезіндегі қоғамның бағытын айқындайтын сайлау. Бізге әділетті де берекелі ел құру жолындағы бағытты айқындайтын көшбасшы керек. Бұл уақыт талабы. Сондықтан да, біз осы сайлаудан үлкен үміт күтеміз. Көшбасшыны сайлау жайдан жай қарайтын шаруа емес, өте маңызды әрі асқан жауапкершілікпен қарайтын шаруа.

 

         Өз жолдауында мемлекет басшысы Президент мандатының ұзақтығы 7 жылдық мерзіммен болатынын хабарлады. Қайта сайлануға тыйым салынады. Бұл демократиялық алға жылжудың бірден бір айқын қадамы.

         Сайлауды балша халық қолдайды деп және сенеді деп ойлаймын. Дәл қазіргідей кезеңде біздің елімізге жаңа саяси және экономикалық өзгерістер қолға алынып, жақсы іс басталғанда тұрақтылықтың керегі анық.

       Ал,тұрақтылықтың кепілі-ел таңдаған, жұрт жақтаған, бағыты айқын, кемел кошбасшы болуы керек деп ойлаймын

Мақсат Талғатұлы,

аудандық жастар ресурстық

орталығының жетекшісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күнтізбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4176524