Құрметті әріптестер!
- Толығырақ
- Жарияланды 01.02.2023 05:14
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 452
2023-01-25
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорына ұсынудың кезекті мерзімі басталды.
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер беру мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді келесі тәсілдердің бірімен ұсына алады:
1) ҮЕҰ Дерекқорының https://infonpo.gov.kz/ интернет-порталы арқылы (заңды тұлғаның ЭЦҚ кілті болу керек);
2) уәкілетті органға қағаз және электрондық тасығыштарда (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынады (Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті).
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынбау, уақтылы ұсынбау және толық емес немесе көрінеу, жалған мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.
Ұсынудың соңғы мерзімі –2023 жылдың 31 наурызына дейін.
Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласыңыз:
8707 181 1179, 8705 290 8259 немесе
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
электрондық поштаға.