⚡️Сайлауға «AMANAT» үлкен дайындықпен бара жатыр – Ерлан Қошанов ⏺«AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов партияның қазіргі жұмысы және алдағы сайлау науқанына дайындық барысы туралы кеңес өткізді.
- Толығырақ
- Жарияланды 01.02.2023 06:54
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 408
2023-02-01
Ерлан Қошанов алдымен партиялықтарды тыңдап, алдағы сайлау науқанына дайындық мәселесі бойынша бірқатар міндет жүктеді
.
«Бұл сайлауға «AMANAT» үлкен дайындықпен, зор сеніммен бара жатыр. Біздің мүмкіндігіміз мол. Ақпараттық және кадрлық ресурсымыз жеткілікті. Қалыптасқан дәстүрлі электоратымыз, үлкен тәжірибеміз бар. Ендігі міндет – жұмысты дұрыс ұйымдастырып, қоғамды ортақ мақсат жолында жұмылдыру! Партия елдегі жүргізіліп жатқан реформалардың алдыңғы шебінде болуы керек. Бұл – біздің басты мақсатымыз», - деді Е. Қошанов.
Атқарушы хатшы Елнұр Бейсенбаев өз баяндамасында бүгінгі күні Мәжіліс пен мәслихаттарға кандидаттардың тізімін жасау және 7 ақпанда Астана қаласында өтетін партия Съезіне дайындық жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру қорытындылары туралы VII сайланған Мәжілістегі партия фракциясының депутаты Екатерина Смышляева хабарлады.
«Екі жыл ішінде 5 жылға қойылған міндеттердің үштен бірі толық көлемде орындалды. Табиғи газбен 140 елді мекен қамтамасыз етілді, 8,4 мың шақырым жергілікті жол жөнделді, ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 200-ден астам жоба іске асырылды. 84 мың орынға лайықталған мектепке дейінгі ұйымдар ашылып, ондағы кезек толық автоматтандырылды»,- деді экс-мәжілісмен.
Өз кезегінде, партия Хатшысы Эльдар Жұмағазиев «Ауыл аманаты» жобасының аралық қорытындысын жасады. Ол партияның барлық филиалы аталған жобаны жүзеге асыруға бағдарланғанын айрықша атап өтті.
«Президенттің Сайлауалды бағдарламасы аясында «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп еліміздің барлық өңірінде 300 қанатқақты ауылдық округ таңдап алынды. Биыл республикалық бюджеттен осы мақсатта 52,4 млрд теңге бөлінді», - деді Э. Жұмағазиев.
Партия мүшесі, белгілі заңгер Бақытжан Базарбек «Жер аманаты» комиссиясының қызметі жөнінде айтты.
«Комиссияның араласуымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы 3,2 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Комиссияның бастамасымен Ауыл шаруашылығы министрлігі өзге де мемлекеттік органдармен бірге қайтарылған жерлердің интерактивті картасын әзірледі», - деді ол.
Құқық қорғаушы Абзал Құспан кеңеске қатысушыларды Атырау облысында қанатқақты жоба ретінде қолға алынған «Құқықтық көмек» партиялық бастамасы туралы хабардар етті.
t.me/AMANATPartiyasy