Өрлей бер, өркениетке, өсер елім!
- Толығырақ
- Жарияланды 03.02.2023 11:22
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 448
2023-02-03
Көктал ауылдық кітапханасының оқырмандар залында "Өрлей бер, өркениетке, өсер елім!" атты кең көлемде құрылған кітап көрме оқырмандарға таныстырылып, шолу жасалынды. Көрмені кітапханашы Г.Қасенова таныстырып өтті.
Мақсаты: оқырмандарға Тәуелсіз Қазақстан Республикасының өткені мен болашағы, даму тарихы туралы мағлұматтар бере отырып, келешекке сеніммен қарауға, елжандылыққа, ұлтын сүюге, қастерлеуге үйрету, адамгершілікке, мейірімділікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу, оқушылардың дүниетанымын кеңейту, қалыптастыру.
Біз ежелден ер деген даңқы шыққан халықтың ұрпағымыз, ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың ұланымыз.
Біз алтын күн бедерленген көк байрағын әлем биіктерінде желбіреткен бейбітшіл елдің азаматтарымыз, кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт – ұлыстардан тұратын біртұтас халықпыз!
Кітап көрме үш бөлімнен құралды:
1. «Ата – бабамыз армандаған тәуелсіздік күні арайлап атты». Бұл бөлімде Көркем суретті Қазақстан тарихы кітаптары, Б.Нұржекеұлының «Қазақ тарихынан» атты кітабы, Талас Омарбектің «Қазақтың шығу тегі», « Қазақ мемлекеттері» және т.б кітаптар қойылды.
2. «Тәуелсіздік – бастауы бар бақыттың, Тәуелсіздік- ұлттың менен ұраның» бөлімінде «Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихи оқиғалар жылнамасы», «30 жыл Тәуелсіз елдің мемлекеттік қызметінде», Қасым- Жомарт Тоқаевтің кітаптары, Асқарбек Бектемісовтың «Тәуелсіздік тартуы» атты және т.б кітаптарды көруге болады.
3. «Жалынды жастар- Қазақстанның жарқын болашағы». Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдыңғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қорғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қорғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді.
Біз Қазақстандықтармыз және мұны зор мақтанышпен айтамыз. Қазақстан мемлекетін құру, қазақстандық болу – бізге тағдыр сыйлаған ұлы бақыт. Біз оны әрдайым зор мақтаныш сезіммен ұрпақтан ұрпаққа табыстайтын боламыз! Кітапханамызда ұйымдастырылған тұрақты кітап көрмеміз осындай мақсаттарды көздеген болатын.