Мұқағали - қайталанбас дара тұлға

2023-02-06


6 - ақпан күні Үлкеншыған ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Мұқағали - қайталанбас дара тұлға" атты ашық аспан астында жыр марафоны өтті. Мұқағали Мақатаев есімі бүгінде бар қазаққа мәшһүр. Ақын халқының сүйіспеншілігіне бөленген перзент. Қазақ халқын талантымен баурап алған Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Қарасаздың сұлулығы Мұқағалидың ақындық талантының қайнар көзі болды.


Ақынның азан шақырып қойған аты – Мұхамметқали. Бірақ ата-анасы Пайғамбардың есімімен жүру ауыр тиеді деген ниетпен бала күнінен Мұқағали деп еркелетіп кеткен. Мақатаев махаббат пен достық, поэзия және табиғат туралы жырлады. Бірақ оның шығармалығында ерекше орынды Отан тақырыбы алады.
Әдебиет саласында жиырма бес жылдай уақыт жұмыс істеген Мақатаев мыңнан аса өлең жазды.
Кейін поэзиялық жинақтары қазақ поэзиясының алтын қорына енгізілді. Ал нәзік поэтикалық өлең жолдары музыкаға қойылып, қазір әндетіліп жүр

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4154761