Халыққа қызмет – мерейлі міндет
- Толығырақ
- Жарияланды 07.02.2023 05:19
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 441
2023-02-03
Өткен жылы Панфилов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері мемлекеттік қазынаға ондаған миллиард теңгеге кірістер жоспарын асыра орындап, жақсы көрсеткіштермен аяқтады.
-2022 жылға жалпы түсім 86 млрд 806 млн теңгені құрады. Жоспардан артық 5 млрд 126 млн теңге бюджетке түскен, ал былтырғы жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 69 млрд 785 млн теңге артық түсті - дейді аудандық МКБ басшысы Төленді Керімбеков.
Республикалық бюджетке түсетін салық түсімдерінің көлемі алға қойылған жоспардан 2 млрд 532 млн теңгеге өсіп, 78 млрд. теңгеден асты, былтырғы жылғы бюджетке түскен түсіммен салыстырып қарасақ өсу қарқыны 69 млрд 019 млн теңгеге көп болды.
Жергілікті бюджетке түсім шамамен 8 млрд 026 млн теңгені құрады, жоспар бойынша 5 млрд. 432 млн. теңге болатын, яғни 2 млрд. 593 млн. теңге артық былтырғы жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 765 млн 968 мың теңгені құрады.
Аймақ экономикасын дамыту үшін бұл үлкен үлес. Осындай нәтижелерге қол жеткізуге ауқымды талдау жұмыстары мен салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру ықпал етті. Өйткені, соңғы жылдары бұрын-соңды болмаған кірістер, ең алдымен, қосымша резервтер мен жергілікті қазынаның кіріс бөлігінің өсуін анықтайтын салық түсімдері мен бюджетке төленетін төлемдердің жүйелілігін қамтамасыз ететін білікті мамандарымыздың қажырлы еңбегіне байланысты.
Бүгінгі таңда Панфилов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы халыққа 44 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді, оның 32-сі автоматтандырылған, 12-сі қағаз жүзінде. Жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жасауда біз мемлекеттік қызметтерді алу үшін қолайлы жағдай жасауға, олардың халықтың барлық топтарына қолжетімділігін қамтамасыз етуге, электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыруға көңіл бөлеміз.
Панфилов ауданында Мемлекеттік кірістер басқармасының статистикалық мәліметтері бойынша 22 229 қарапайым азамат мүлік салығын төлеушілер болып табылады, оның ішінде 21 987 адам төлеуге тартылған, ал қалғандары салық заңнамасына сәйкес салық төлеушілер болып табылмайды. Ауданның 30 мыңнан астам тұрғыны жер салығын, 26 565 азамат көлік салығын төлейді. Т.Керімбековтың айтуынша, өткен жылдың басынан бері акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау мақсатында 15 тексеру жүргізіліп, оның барысында 2381 бөтелке алкоголь өнімі мен 100 қорап акцизделетін темекі өнімдері анықталған. Тексеру қорытындысы бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот заттай айғақтарды тәркілеумен 675,5 мың теңге әкімшілік айыппұл салды. Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалында жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша 83 млн 583 мың теңге есептеліп, «Панфилов ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ 1 млн 883 мың теңге қосымша есептеп, бюджетке төленді. Камералды бақылау бойынша хабарламаларды өңдеу есебінен жиналған қосымша резервтер сомасы 379 834,9 мың теңгені құрады.
Оларға жүктелген функцияларды нақты орындай отырып, Мемлекеттік кірістер басқармасы ұжымы халықпен тұрақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. БАҚ-та және әлеуметтік желілерде ақпараттарды тарату арқылы олар қарапайым азаматтарға салық заңнамасындағы жаңалықтарды жеткізеді, ашық пікірталастарға белсенді қатысады, онда жергілікті билік органдарымен, «AMANAT» партиясының аудандық филиалы, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп Салық кодексінің нормаларын түсіндіреді.
–Экономиканы дамыту, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық, салық және кедендік төлемдердің мемлекеттік бюджетке тиімді түсуі, көлеңкелі экономикамен күресу, халықтың құқықтық сауаттылығы мен салық мәдениетін арттыру мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің маңызды миссиясы, – деді Төленді Нұрдәулетұлы.
Үкіметтің кеңейтілген отырысының бірінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Салық – халықтың ақшасы, ол арқылы қорғаныс, білім, медицина сияқты ұзақ мерзімді мемлекеттік міндеттер шешілетінін» атап өтті. Сондықтан, біздің ағымдағы жылғы бірінші кезектегі міндетіміз – салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету. Біз бюджетті атқару бойынша болжамды көрсеткіштерді орындауға күш саламыз, салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға көрсетілетін салық және кеден қызметтерінің сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастырамыз.
-Жаңа Қазақстанды құру аясында мемлекеттік кірістер органдарының алдында үлкен міндеттер тұр, оларды шешу бизнес-қоғамдастықтың, Кәсіпкерлер палатасының қолдауынсыз мүмкін емес. Бірлескен күш-жігер арқылы ғана өңірдің қаржылық қауіпсіздігін нығайтып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламалардың сәтті жүзеге асуына үлес қоса аламыз, деді - Төленді Керімбеков.