Қазақ халқының балаға қатысты салт- дәстүрі

2023-02-07


Көктал ауылдық кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Қазақ халқының балаға қатысты салт- дәстүрі" атты танымды әңгіме ұйымдастырды.


Қазақ халқы той-думанға, салт-дәстүр мен жоралғыға бай халық. Баланың туылғанынан бастап отау құрып, балалы болғанына дейін толып тұрған салт. Балаға арналған сондай салт-дәстүрлердің кең таралғандарын туралы айтылды.
Солардын бірі сүндет той. Сүндеттеу бұрыннан келе жатқан дәстүр. Ең бірінші Ыбырайым пайғамбар мен оның ұрпақтарын сүндеттелген және сүндетке отырғызу Құдайдың берген өсиеті болған. Қазақ халқында бұл салт-дәстүрге айналган. Халықтың түсінігі бойынша, сүндетке отырғызудың мақсаты бала ер жетіп, азамат болды дегенді білдіреді.
Қазіргі күні қазақ халқы осы салтты "Сүндет той" деп атап, көп жерде үлкен той жасайды. Сүндетке отырғызылған балаға тай мінгізіп, келген қонақтары сыйлықтар сыйлайды.
Бұрынырақта атқа жабу жауып, ашамай салып, сүндетке отығызылатын баланы отырғызып, алдына қоржын іліп, туған-туыстарын тойға шақыртуға шығарған.
Қазіргі кезде арнайы шақыру билеттерін жасап не ауызба-ауыз шақырады. Той басталғанда, кейбір жерлерде, арнайы ұлттық киім киіндірген баланы атқа отырғызып, жиналған қонақтардың алдына шығарады.
Тойға арнайы келген жақын туыстары тілектерін айтып, сыйлықтарын сыйлайды. Би биленіп, өлең айтылып, ойын ойналады.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4852816