Оң баға берілді

2023-02-08


«Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымында екі жүзден астам кәсіподақ мүшелері бар.    Жұмыскерлердің еңбек, әлеуметтік құқықтары мен мүдделін қорғауда осы қоғамдық ұйымның маңызы ерекше болып табылады.


    Жуырда жәсіподақ ұйымының төрайымы Дариға Ахметова бастауыш кәсіподақ ұйымының жалпы жиналысын ашып, алғашқы сөзді мекеме директоры Амантай Раевқа берді.
    Мекеме басшысы өз кезегінде «Кәсіптік одақтар туралы» 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V Қазақстан Республикасының Заңының қағидалары туралы қысқаша тоқталып, әлеуметтік әріптестік-жұмыскерлер мен жұмыс беруші өкілдері, мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін келісуді қамтамасыз етуге бағытталған, тең құқықты ынтымақтастыққа негізделген өз ара қатынастар жүйесі екендігін атап көрсете келе мекемедегі қоғамдық ұйым жұмысының маңыздылығына тоқталып өтті.
    Мекеме директорының әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары Б. Даулетбахиева кәсіподақ ұйымының басшылық құрамына жаңа мүшелерді сайлау керектігі туралы өз ұсынысын білдірді. Сөз сөйлеуші кәсіподақ мүшелері аталған ұсынысқа өз пікірлерін білдірді.
    Кәсіподақ ұйымының  төрайымы Д. Ахметова 2022 жылғы қоғамдық ұйым жұмысы туралы баяндап, жұмсалған қаржы туралы есеп берді. Салалық мамандар кәсіподақ ұйымының жұмысыын жандандыру қажеттіңгі туралы айта келе қоғамдық ұйым басшысының жыл ішіндегі атқарған жұмыстарына оң бағасын берді. Кәсіподақ ұйымының төрайымы болып         Д. Ахметова қайта сайланды. Бастауыш ұйымның жұмысына қоғамдық негіздегі бақылауды жүргізу үшін тексеру комиссиясы құрамы сайланды.
    Жалпы жиналыс қортындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды  Құрмет көрсетті.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4158485