Құрмет көрсетті

2023-02-08


«Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан I-II-ші топтағы мүгедектерге сегіз түрлі қызмет көрсететін облысымыздағы ең ірі әлеуметтік мекеме болып табылады. Алла мен мемлекет алдында сауапты іс атқарып, зейнеткерлікке шыққан азаматтарға лайықты құрмет көрсетіп, құрметті еңбек демалысына сый-сияпатпен шығарып салу мекемеде игі дәстүрге айналған.


    Жуырда осы мекемеде ұзақ жылдар мейірбике лауазымында абыройлы қызмет атқарған Ильмира Азадованы құрметті еңбек демалысына шығарып салу рәсімінде мекеме директоры    А. Раев қызметкерді зейнет жасына жетуіне байланысты құттықтап, бейнетінің зейнетін көруін тілеп, ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін «Құрмет грамотасымен» марапаттап, мекеме ұжымы атынан арнайы сыйлығын тапсырса, әріптестері гүл шоқтарын ұсынып, ал көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшелері әріптестерінің құрметіне арнап әсем әннен шашу шашты.
Көрсетілген құрметке риза болған И.Азадова мекеме ұжымына шынайы алғысын білдірді.
Бекмұхамет СӘЛІМҰЛЫ,
«Мейірім» Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы»
КММ заңгері,
«Қазақстанның Заңгерлер және Журналистер Одақтарының мүшесі.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4158396