Ақпараттық хабарлама
- Толығырақ
- Жарияланды 14.02.2023 06:17
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 460
2023-02-10
Ақпараттық хабарлама
Газеттің басылым алаңдарын берудің жалпы шарттары мен тәртібі
Газет үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін басылым алаңдарын береді. Газетке жазбаша өтініш осы хабарлама негізінде 2023 жылдың 18 ақпаннан бастап, 2023 жылдың 16 наурызға дейін демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайынғы сағат 09:00- ден 17.00-ге дейін Жаркент қаласы, Пащенко көшесі, 14 үй мекен-жайы бойынша қабылданады.
«Жаркент өңірі» ЖШС- Жаркент өңірі газеті «Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы Конституциялық заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығымен тағайындалған 2023 жылғы 19 қаңтардағы кезектен тыс сайлауға қатысатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттарға (бұдан әрі-үгіт материалдары) орналастыру үшін газеттің газет алаңын беру ақысының мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды.
Баспалық материалдарды орналастырудың кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу реттілігіне байланысты газетпен белгіленеді.
Үгіттік баспа материалдарын берудің тәртібі
Газетке үгіттік баспа материалдарды газет жарық көретін датаға 3 (үш) күнтізбелік күн қалғанға дейін модульдер немесе мақалалар түрінде тапсырылуға тиісті. Газет материалдарда конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, республикалық тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігін бүлдіруге, әлеуметтік нәсілдік, ұлттық, діни таптық және рулық алауыздық тудыруға, сондай – ақ, заңмен қарастырылмаған және заңмен қарастырылған, тағы басқа негіздерде әскерилендірілген құрылымдар құру идеялары көрініс берген жағдайда үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген басылым алаңдарын берудің шарттар мен тәртібі уәкілетті органдардың талабына сай түзетілуі мүмкін.
Газеттің басылым алаңдарын төлеудің тәртібі мен мөлшері.
Үгіттік материалдарды орналастыруға арналған басылым алаңдарының 1 шаршы см бағасы 250 теңге (ҚҚС қоса есептемегенде).
Төлем серіктестік берген есеп – шот негізінде сол есеп – шот берілген күннен бастап 5 (бес)банк күні ішінде жүргізіледі.
Төлем газеттің басылым алаңы беру жөніндегі тиісті келісім шартта немесе есеп шотта көрсетілген серіктестіктің банктік реквизиттеріне төленеді.
«Жаркент өңірі» газеті ЖШС-і.
Үгіт - насихат материалдарын «Жаркент өңірі» газетіне ұсыну тәртібі мен төлем мөлшері туралы мәліметтер.
«Жаркент өңірі» газетінің меншік иесі- «Жаркент өңірі» ЖШС.
Газет форматы- А4
Газет аптасына 1 рет, жұма күндері шығады.
Апталық тиражы- 5500
«Жаркент өңірі»ЖШС 2023 жылдың 19 наурызында өтетін сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялауға арналған баспа беттерін «Жаркент өңірі» газетіне беру талаптары жайында хабарлайды.
Газет бетіне орын ұсыну туралы келісім үміткер әкім мен меншік иесінің жазбаша жасалған келісімшарты негізінде жасалады.
Газет үгіт-насихат материалдарын жариялау үшін редакцияға әкімдікке үміткер немесе оның сенімді өкілінің жазбаша өтініші түсуі шарт;
Жазбаша өтініште үміткер әкім немесе оның сенімді өкілінің үгіт-насихат материалдарын газетке жариялауға келісімі мен қол қойылған мерзім көрсетілуі керек;
Үгіт-насихат және ақпараттық баспа материалдары газетке шығатын мерзімнен бір жұмыс күн бұрын This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына немесе Жаркент қаласы, Пащенко 14 мекен-жайына беріледі.
Егер әкімдікке үміткер сайлау алдындағы бағдарламасында Республикалық конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілідк, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскери құрылымдар құру идеяларын уағыздайтын болса, газет үгіт-насихат және ақпараттық баспа материалдарын қабылдаудан бас тартуға құқылы.
«Жаркент өңірі» газетінің баспа бетіндегі орынының төлемақысы
-Дайын мақаланы 1-ші бетке орналастыру 1ш.с. бетке -250тг.ҚҚС қоса есептемегенде.
-Дайын модульді 1-ші бетке орналастыру 1 ш.с.- 250тг.ҚҚС қоса есептемегенде
-Дайын мақала 2,4,6,8-ші беттерге орналастыру 1 ш.с-250тг.ҚҚС қоса есептемегенде.