ЖОЛДАУДАН ҚОЛДАУ СЕЗІНДІК

2023-02-17


                 Жалпы  Жолдаудың басты тетігі – Әділетті Қазақстан. Әрбір қамтылған бағыт елдегі саяси тұрақтылықты сақтау үшін жасалып жатыр. Яғни, ол ішкі тұрақтылыққа кепіл болады. Мемлекет басшының осы жолғы Жолдаудың алғашқы бөлігінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына жан-жақты талдау жасалса, екінші бөлігінде әрбір сала бөлектеп, жекелеп қарастырылды. Бұл біздің, әсіресе, ересек адамдардың есінен кетпейтін жайт деп білемін. Атап айтқанда, табыстың, зейнетақының жыл сайын қалыпты өсуі, мұғалімдерге берілетін көмек осының барлығы халыққа жасалатын жақсы жаңалық.

 

            Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында да «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылап айтты. Бұл шындық. Ауыл шаруашылығын дамытсақ,  яғни, ауыл шаруашылығы өнімдері артып, азық-түлік қауіпсіздігі төмендейді.

            Ал ауыл шаруашылығын дамыту – мемлекетті алға сүйреу, оның келешегін ойлау екені бәрімізге белгілі. Ауылшаруашылық өнімін өндіретіндер – ауылдықтар. Өйткені олардың тұрмысы  мен табысы ауылмен, жермен байланысты. Ауылда тұратын халықтың жағдайын жасап, оларды материалдық тұрғыдан қолдау арқылы ғана мәселені шеше аламыз.

 Мұратбек ӘЖІБЕКОВ,

Жаркент орта мектебінің

директоры.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4851795