Асыл жандар аудан әкімінің қабылдауында болды

2023-03-08


 Жұдырықтай  жүрегіне  жылылық пен ұлылық ұялаған әйел–өмірдің гүлі, тіршіліктің сәні. Олардың қоғамдағы, жалпы адамзаттың өмірінде алатын орны ерекше. Әйел – ең алдымен отбасының ұйытқысы. Ең бастысы – «Ана» деген киелі ұғымның символы.

Дүниені қайта түлетіп, айналаға нұр шашып келетін көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз – әйелдер мерекесіне орай аудан әкімі Марат САҒЫМБЕК ауданымызға еңбегі сіңген бір топ аналарды қабылдап, мейрамдарымен құттықтады.
         Салтанатты жиынды ашқан аудан әкімі Марат Рахымбердіұлы:
          – 8 наурыз мерекесі барлық атаулы күндердің ішіндегі ең ерекше күн. Наурыз айының шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Дүниедегі күллі адам баласы ананың ақ сүтінен нәр алып, өсіп-өнген. Бәрі де абзал да асыл жандардың алдында бас иеді. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аналарымызды құрметтеу біздің міндетіміз,- деп бастады өзінің құттықтау сөзін.
          –Аудан тұрғындарының сексен пайызы ауылда тұрады. Солардың алпыс екі пайызға жуығы әйелдер екенін айтсам, олардың ел экономикасына қосып жатқан үлесімен бірге бала туу, тәрбиелеу, отбасының берекесі мен шаттығы үшін жауапкершілігі мен міндетінің өзі бір төбе. Жер бетіндегі жақсылықтың бірі – әйелдерден дариды. Ендеше жылына бір келетін мерекеде олардың еңбектерін бағалап, сый құрмет көрсету – біздер үшін қуаныш әрі парыз – деді. Сондай-ақ, аудан басшысы Президенттің жыл сайынғы Жолдауында да ана мен балаға қатысты мәселелерге баса назар аударып жүргендігін тілге тиек етіп, бұл еліміздің дамушылық бір көрінісі екендігін де баса айтты. Ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды.
         Қашанда ел мен жердің, халықтың амандығын бірінші орынға қоятын аналарымыз аудан әкімінің айтқан әрбір жылы сөзін ерекше қошеметпен, шынайы ризашылықпен қабылдады.
         Осындай жүрекжарды тілектен кейін ауданымыздың әр округінен келген апаларымыз бен ақжаулықты аналарымыз шығып аудан басшысына  деген ізгі ниеттерін білдіріп, ақ баталарын жаудырды. Социалистік Еңбек Ері Күләш Айтжанова, ұстаз–зейнеткер Ұлжан Сауранбаева нәзік жандарды мерекелерімен құттықтап, елінің амандығын тіледі. Көпті көрген аналар аудан әкіміне де ыстық ықыласын білдіріп, «Еліңнің елеулісі, халқының қалаулысы болып жүре бер»- деген жылы сөздерін жеткізді.
         Мерекелік жиынға шақырылған барша ақ жаулықты аналарға сыйлық пен гүл шоқтары берілді.
        Бағдат  Айтмұқаева.                                                  

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4851790