Ризашылық – мейірімділік бұлағы

2023-03-31


Ағымдағы  жылдың 18-і күні  мен 22 наурыз күндері  Ұлыстың ұлы күні мерекесі қарсаңында Пенжім және Шолақай ауылдық округтерінде  аппарат мамандарының және  Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерінің  ұйымдастыруымен 150 мүмкіндіктері шектеулі балалармен ата-аналарға  «Караван Сарай» және «Нұр» мейрамханасында «Жылы жүрек» қайырымдылық қорының демеушілігімен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай мерекелік дастархан жайылып,  мектеп ұжымының  ұйымдастыруымен  концерттік бағдарламалар  көрсетілді.


    Сондай-ақ, осындай мереке күні Пенжім ауылдық округінің әкімі  Ғ.Карбаев аудандық «Зекет» қайырымдылық қорының өкілі  Ұлан Сарпеков,  осы іс-шараға  демеушілік көрсеткен  Шолақай  ауылының азаматы, жігіт басы «Нұр» мейрамханасының иесі Талып Якупов балалар мен ата-аналарға жылы лебіздерімен тілектерін білдірді.   Іс шараға белсене қатысып, өз өнерлерін көрсеткен балаларды «Жылы жүрек» қайырымдылық қорының төрағасы Асқар Сабиров «Алғыс хаттармен» марапаттады.
    Сонымен қатар, ата-аналар «Жылы жүрек»  қайырымдылық қорының ұйымдастырушыларына алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.
    «Жылы жүрек» қайырымдылық қорының ұжымына ауылдық округ әкімінің «алғыс хаты» табыс етілді. Осындай іс-шаралар қала және ауылдық округтерде өз жалғасын табуда.

Қ.Дүйсенғалиев,
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету  бөлімінің  
меңгерушісі.

Күнтізбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4175286