Пенжім ауылында Қос қуаныш

2023-03-31


Наурыз айының 20-сы күні Пенжім ауылында биіктігі 21 метрлік ту туғырдың ашылу рәсімі болды.  Тудың ұзындыгы 4 метр, ені 2 метр болатын ту тұғырды ауыл жастары өздері қаражат жинап, орнатты.                            Сондай-ақ, ауыл тұрғындары мен жас кәсіпкерлердің қолдауы мен демеушілігінің арқасында ауыл мешітінің жанынан екі қабатты, 25 баланы оқытуға арналған сауат ашу мекемесі ашылды. Құны 50 миллион теңгеге жуық салынған оқыту орталығы толықтай жабдықталған. Осы орталықтың лентасын қию барысында “Ел үлесі-пәтерге” атты жоба аясында “Береке” мешітінің атсалысуымен Пенжім ауылының екі тұрғынына кілт тапсырылды. Ауылдағы жалғыз басты анаға ауылдың қайырымды азаматтары асар жасап баспана сыйлауы көпті қуантты. Үйлі болған екі отбасында да мүмкіндігі шектеулі балалары бар жанұя.


    Бұл игі шара осы басталғалы отырған қасиетті Рамазан айының бастауымен тұспа тұс келді. Жалпы округімізде азаматтар көптеген игі істер жасап, бірліктерін көрсетуде. Сондықтан осындай қайырымды, сауабы мол істерге ұйытқы болған азаматтарға алғысымызды білдіреміз.

Күнтізбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4175335