Алғашқы сессия өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 06.04.2023 08:27
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 433
2023-04-06
Наурыздың 30-ында аудандық Мәслихаттың VIII шақырылымының алғашқы сессиясы өтті.
Сессияға аудан әкімі Марат Сағымбек және аудан әкімінің орынбасарлары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияны аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Күлбан Нұралинова ашып, жүргізді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2023 жылғы 19 наурызда Панфилов ауданында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Мәслихат депутаттарының сайлауы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конститутциялық Заңына сәйкес өткізілді, - деді Гүлбан Нұртайқызы. Мұнан әрі қарай аудан көлеміндегі сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының атынан сайлау қортындысымен таныстырып, аудандық Мәслихат депутаты болып сайланған 18 депутатты «Халық қалаулылары» атануымен құттықтады.
Мұнан соң аудан әкімі Марат Сағымбек пен аудандық сайлау комиссиясының төрайымы К.Нұралинова депутаттардың куәліктері мен төсбелгілерін табыстады. Сессия ары қарай жалғасып, онда аудандық Мәслихаттың төрағасын сайлау туралы мәселе қаралды. Бұл мәселе бойынша депутаттар Е.Оспанбаев, А.Дәрубаева сөз сөйлеп, ұсыныс- тілектерін айтты. Аудандық Мәслихаттың төрағасы болып, депутат Ерғали Шоқпаров ашық дауыс арқылы бірауыздан сайланды.
Мұнан соң сессияны аудандық Мәслихат төрағасы Е.Шоқпаров жүргізді. Мәслихаттың тұрақты комиссияларының тізімі мен сан құрамын белгілеу, төрағаларын сайлау туралы мәселе қаралды. Қаралған мәселе бойынша «Бюджет экономика, аграрлық, кәсіпкерлік, өндіріс, жол, құрылыс мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының құрамы бекітіліп, төрағасы болып, депутат Ғани Бегімбеков, «Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік саясат, жастар ісі мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының құрамы бекітіліп, төрағасы болып, депутат Айгүл Дәрубаева, «Заңдылық, азаматтардың құқығын қорғау, спорт, коммуналдық қызмет мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының құрамы бекітіліп, төрағасы болып депутат Алмас Батырхан сайланды.
Аудандық Мәслихаттың алғашқы сессиясында аудан әкімі Марат Сағымбек сөз сөйлеп, жаңа құрам, аудандық Мәслихат депутаттарын құттықтап, сайлаушылардың сенімін ақтап, ауданымыздың көркейіп, дамуы жолында атқаратын еңбектеріне табыс тіледі. Ауданда атқарылып жатқан жұмыстар, алдағы уақытта істелінер шаралар туралы айтты.
Аудандық мәслихаттың VIII шақырылған алғашқы сессиясын депутат, аудандық мәслихат төрағасы Ерғали Шоқпаров қорытындылады.