«құттықтау хатын» табыс етті

2023-04-07


         Көптің  көз алдында, өз еңбегімен, білім-білігімен абырой биігіне өрлеген  азаматтардың  есімдері   үнемі халықтың жадында жүреді. Сондай жанның бірі де бірегейі - ауданымыздың азаматы, өңірдің тыныс-тіршілігін бір адамдай білетін жан аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің  бас маманы, журналист, бірнеше кітаптың авторы Нұрәділ Нұртілеуұлы БЕГІМБЕТ бүгінде Пайғамбар жасына жетті.


        Осындай  мерейлі күні аудан әкімі Марат Сағымбек ағамыздың иығына қазақы шапан жауып, «Құттықтау хатын» табыс етті. Сондай-ақ, аудан әкімі Нұрәділ Нұртілеуұлына ақжарма тілегін білдірді.
          Нұрәділ Нұртілеуұлының ғұмырының биік бір белесі, пайғамбардың жасы – 63-ке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отыр.
         Құрметті зейнет демалысына жетіп, отырған әріптесіміз  Нұрәділ Нұртілеуұлына  биік бедел, асқақ абырой, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!

Күнтізбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4175306