Жетісу облысы: Наурыз айында медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар 6,5 млн теңгені құрады
- Толығырақ
- Жарияланды 02.05.2023 08:01
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 405
2023-05-02
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Гульзия Таипова атап өткендей, наурыз айында өңір бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 6,5 млн теңгені құрады.
Республика бойынша наурыз айында түскен жарналар сомасы 66 млрд теңге.
МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі.
Айта кетсек, өткен жылдың қыркүйегінен бастап алдағы 12 айға МӘМС жарналарын төлеудің жаңа тетігі іске қосылды. Бұрын өткен 12 ай үшін жарналардың төленген болуы міндетті еді. Ал қазір жаңа әдісті таңдағанда өткен жылы төленбеген кезеңдер үшін төлеудің қажеті жоқ.
Жаңа механизм бойынша алдын ала бір жылға сақтандыру мәртебесін қалай алуға болады?
Әр айға жеке-жеке 3 500 теңгеден, яғни 12 төлем жасау керек. 12 айға 42 000 теңге шығады. Бұдан бөлек, ескеретін жайт, 12 айға бір төлеммен аударуға болмайды. Себебі жүйе әр айды бөлек есептейді.
МӘМС жарналарын екінші деңгейдегі кез келген банк, банктердің мобильді қосымшалары, жылдам төлем терминалдары және «Қазпошта» филиалдары арқылы төлеуге болады.
Сақтандырылған азаматтар МӘМС пакетіне кіретін медициналық көмек алады. Оған салалық дәрігерлердің консультациялары, түрлі талдаулар мен диагностикалық тексерулер (рентген, УЗИ, КТ, МРТ және т.б.), жоспарлы емдеуге жатқызу, медициналық оңалту, жоғары технологиялық медициналық көмекті қолдана отырып емдеу, аурулардың алдын алу және диагностикалау кіреді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы