«Көктал» БПҰ-ның есеп беру жиыны өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 09.08.2023 09:57
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 316
2023-08-09
«Көктал» БПҰ-ның 2021-2023 жылдары атқарған жұмыстары және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы есеп беру жиыны өтті.
Жиынға «Көктал» Бастауыш Партия Ұйымының төрағасы және «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық мәслихат депутаты М.Мұқатай және Панфилов аудандық мәслихат төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Е.Шоқпаров және аудандық мәслихат депутаттары М.Нүптібеков, Н.Тұрлыбеков қатысты. Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, пікірлер айтылды.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер:
1. БПҰ-ның 2021-2023 жылдары атқарған жұмыстары және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы есебі;
2.Төрағаны және төрағаның орынбасарын,қажет болған жағдайда – БПҰ бюросын сайлау;
3.Партияның тиісті аумақтық филиалының конференциясына делегат сайлау.
«Көктал» БПҰ – ның төрағасы өз сөзінде 2021-2023 жылдары атқарған жұмыстары бойынша есеп берді. Жиын соңында қорытынды жасалып, туындаған сұрақтарға толық жауап берілді.