"Ұлы даланың жеті қыры -тарих пен болашақтың алтын көпірі" атты дөңгелек үстел өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 16.08.2023 11:07
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 789
2023-08-16
Үлкеншыған ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен "Ұлы даланың жеті қыры -тарих пен болашақтың алтын көпірі"атты дөңгелек үстел өтті.
Елбасының " Ұлы даланың жеті қыры"атты мақаласы - төл тарихымыз бен мәдениетіміздіе маңызы зор, өрнектері бар мәселелерді,тақырыптарды көтерген құнды дүние.Бұл мақала қазақтың төл тарихын,бағзы заманнан келе жатқан мәдениетін , мәдени құбылыстарын жіктей келе,тарихи сананы жаңғырту мәселесін алға қояды".Рухани жаңғыру" бағдарламасының заңды жалғасы іспетті. Мақаламен,танысып,айтылған дүниелер туралы сөз етейік."Ұлы Даланың жеті мақаласы"Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт "және"Тарихи сананы жаңғырту "атты бөлімдерден тұрады.Мақаланың алғашқы бөлімі атқа міну мәдениеті,"Ұлы даладағы ежелгі металлургия,аң стилі,Алтын адам,түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан -алма мен қызғалдақтың Отаны "атты жеті тақырыпты көрсетсе , екінші бөлімінде"Архив-2025",Ұлы даланың жаңа есімдері,түркі әлемінің генесизі,Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар мүзейі,дала фольклоры мен музыкасының жылы, тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрініс "атты тақырыптарды қамтиды. Елбасы мақаласы -өткен тарихымызды болашақтың ығына икемдеп,тарихи санамыздың,төл мәдениетіміздің жаңғыруының негізгі кепілі болып табылады.