«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы

2023-10-17


«AMANAT» партиясы Панфилов ауданы «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында, «Қарттарым асыл қазынам» атты дөңгелек үстелі өтті.

 

Қария деген сөз елдің басы болу, ақылын айтар дана болу, ел төрінде құрметке бөлену, ас бергенде немерелерінің үлесін бөлер қамқоршысы. Шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге ақылын айтар елі мен жерінің кеңесшісі. Қазақтың әр отбасында арқа тұтар ата-әжелері бар. Олардың әрбір айтқан гауһар тасқа бергісіз ақылдары жас ұрпақтың өсіп-өркендеуіне өте мол үлесін тигізеді.

Ата-әжесі бар үйдің балалары да өзгеден ерек, ортасындағы ерекшелігі қариялардың ыстық алақанынан дәм татып, жауһар сөздерін саналарына сіңіріп өскендігі білінеді. Ата дәстүр салтымыздан таймай, ескі ғұрыптармен немерелерін нағыз қазақтың салтын сақтар бабалардың жолыменен жүретін өр рухты қазақты тәрбиелеп өсіреді. Сондықтан да болар, қарты бар үйден қазахилықтың иісі ұрып тұрады.

«Қарттарым асыл қазынам» деп бекер айтылмаса керек. Үйдің берекесі мен мерекесі, есігіміздің ажарын кіргізіп тұратын үйдің үлкендері бастаған әр қадамымызға дұрыс жол сілтеп, ата-бабамыздан қалған нақыл сөздермен сусындатып отырады.Аудан ардагерлері өз ойларымен бөлісіп, аудан жастарының бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

Күнтізбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4169664