25 қазан-Республика күніне орай «AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық кәсіпкерлер марапатталды.
- Толығырақ
- Жарияланды 26.10.2023 09:14
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 337
2023-10-26
Шараға Панфилов аудандық мәслихатының депутаты Раушангүл Жамбылбайқызы және ауданның кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ілияс Қасымбекұлы, аудандық іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы С.Изимова қатысты.
Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне қайта енген бұл күннің маңыздылығы ерекше.Көпұлтты еліміздің достығы, жеткен жетістігі, жас буынға бүгінгі Жаңа Қазақстанның патриоттығын айқындайтын тарихи мереке. Бұл күн-ата - бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған-Ұлы күн!Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін – деді Ілияс Қасымбекұлы.
Бұл мереке еліміздің еркіндігін, қуаттылығын және гүлденуін білдіреді. Аспанымыз бейбіт, таза, жұртымыз бір үлкен отбасыдай ынтымағы жарасқан болсын. Жүрегіміз мемлекетімізге деген мақтаныш сезіміне бөленіп, бірлік пен түсіністікке ұмтылып, жемісті еңбек бақытты болашақтың сенімді кепілі болғай деді Раушангүл Жамбылбайқызы.
Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ - дәулет, ырыс тілеймін-деді С.Изимова.
Шара соңында кәсіпкерлерге аудан әкімінің және «AMANAT» партиясының алғыс хаттарымен марпаттап, ілтипат көрсетіп, алғыс сөздерін білдіріп, жүрек жарды тілегі мен сыйлығын сыйлап құттықтады.