«Ұлттық мұра» партиялық жобасы

2023-10-27


«AMANAT» партиясы Панфилов аудандық филиалы «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Диханқайрат ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті Ұлы қолбасшы Бейбарыс Сұлтанның туылғанына 800 жыл толуына орай «Сұлтан Бейбарыс — Ұлы дала Барысы» атты кітап көрмесі шығарылып, кітапханашы Ж. Абишованың ұйымдастыруымен Диханқайрат орта мектебінің 4 сынып оқушылары арасында және сынып жетекшісі Тойбала Шаяхметқызының қатысуымен «Дара тұлға Бейбарыс» тақырыбында тарихи сағат өткізілді.


Мақсаты: оқушыларды Бейбарыс Сұлтанның өмірдерегімен таныстыру арқылы тарихи тұлғаларымызға деген қызығушылығын арттыру. Шара барысында кітапханашы Бейбарыс Сұлтанның өміріне тоқталып, болашақ билеушінің түрік, қыпшақ руынан шыққан, бала кезінде тұтқынға түсіп, құлдыққа сатылып, жауынгер қолбасшы атанған Бейбарыс Сұлтанның даңқ шыңына жетіп, Мысыр билеушісі болғанын айтты.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4154575