Есептік кездесу өтті

2023-11-08


«AMANAT» партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Ахметжан Аширов Шолақай ауылының тұрғындарымен есепетік кездесу өткізді. Жиынға ауыл әкімі, ауылдағы мекеме басшылары, ардагерлер, қоғамдық кеңес мүшелері, жастар және тұрғындар қатысты. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары, оның ішінде аудандық мәслихат сессияларында қаралған мәселелер мен қабылданған шешімдер жөнінде ақпарат беріп өтті.

 

Бір қатар ауылдық окрутерді «Ауыл аманаты» жобасы бойынша аралап түсіндіргенін және «AMANAT» партиясының Панфилов ауданды бойынша сайлауалды бағдарламасында көрсетілген бірқатар жұмыстар атқарылғанын және көтерілген нысандарды айтып өтті. Аудандық мәслихат депутаты ретінде атқарып жатқан жұмысы жергілікті тұрғындардың көз алдында. Халықпен кездесу – депутаттардың міндеті болса, депутаттар тұрғындармен кездесу ұйымдастырып, қоғамдық қабылдаулар өткізіп, мәслихат сессияларында өздеріне жүктелген міндетке сай ұсыныстар айтып, мәселелердің шешілуіне өз үлесін қосып келеді. Есеп барысында «Округімізге қатысты көптеген мәселелер көтеріліп жатыр, оның біразы қысқа мерзімде оңтайлы шешімін тапты. Сол үшін сізге алғысымызды білдіреміз және алдыда көптеген жұмыстардың атқарылатынына сенеміз!» - деді ауыл тұрғындары.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4845897