Қоғамдық кеңес

2023-07-28


Шілде айының 24-і күні аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Аталмыш отырысты аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Азат Жақыбай ашып, жүргізіп отырды.

 

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші қаралған мәселе бойынша аудандық ветеринариялық станциясының 2022-2023 жылдарғы 5 айында атқарылған жұмыстары туралы есебі туралы «Ветеринариялық пункттері ауданының бар Панфилов ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК директ ры Мадияр Әлпейсов өз баяндамасын жасады. Баяндамашының айтуынша аудан бойынша штат 132 маман жұмыспен қамтылған.Әр ауылдық округте бір автокөлік бар, бірақ автокөліктердің тозығы жетіп, тау-тасқа жүруге жарамсыз болып қалғандығын да мәлімдеп етті. Сонымен қатар, баяндамашы ауданымыздағы әр округке жеке-жеке тоқталып, қандай жұмыс жасалынып жатқандығын да тілге тиек етті. Атап айтар болсақ аса қауіпті ауруларға қарсы профилактикалық шаралар ic- уақытында жасалы- нып отыратындығын, сондай- ақ округтегі барлық малдар толығымен бірдейлендіруден өтіп ИСЖ дерекқорына енгізіліп отыратынын және жыл сайын аурулардың алдын алу үшін қарсы екпе салынып отыратындығын мәлімдеді.                                                                                               Екінші мәселе бойынша Жаркент қаласының көше ата- уларын өзгерту туралы шешім қабылданды. Мәселен, Жаркент қаласы әкімдігі мамандарының пікірін ескере келе, 4 ықшам ауданын «№2» көшесін «Евгений Куликов» кешесі, 3 ықшам ауданын «№3» көшесі «Нүсіпбек Сауранбаев» көшесі, 4 ықшам ауданы № 4 кешесі «Шыңғыс Сатқалиев» көшесі, 3 ықшам ау- даны «№4» кешесі «Ыбрайымжан Қожахметов» кешесі деп атау туралы жобасы қарастырылды және қоғамдық кеңес мүшелері бір ауыздан қолдап, оң баға берді.Үшінші мәселе бойынша аудандық Мәслихат аппаратының басшысы  Айдос Қалиев  2023 жылғы 13 мамырдағы №5-4-23 «Панфилов аппаратының бірдей аудандық Мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім жобасына  түсініктеме  берді.

Осы жоғарыда аталған мәселелер бойынша қоғамдық кеңес мүшелері ез ұсыныс- тілектерін білдіріп, сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

(ӨЗ ТІЛШІМІЗ).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4844607