Қоғамдық маңызы бар мәселелер талқыланды
- Толығырақ
- Жарияланды 04.01.2024 10:26
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 316
2024-01-05
Желтоқсан айының 26 жұлдызында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысты аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Азат Жақыбай ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің 2022-2023 жылдарда атқарған жұмыстары туралы баяндаманы ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің бас маманы Марфуға Бекдайыр баяндады.
Өздеріңіз білетіндей ауданың территориясы 1 058 252 га, оның ішінде 45 847 га суармалы егістік,1 394 га көпжылдық екпелер, 2 865 тыңайған жер, 19 146 га шабындық, 570 320 га жайылымдар, 418 680 га басқадай жерлерден құралады.
Ал ауданда ауылшаруашылық өндірісімен айналысатын 5046 жер пайдаланушы тіркелген, оның ішінде- 4 947 шаруа қожалығы, 55 акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 9 а/ш кооперативі, 31 басқадай мекемелер, 4 мемлекеттік заңды тұлғалар.
2023 жылғы 9 айындағы ауыл шаруашылығының өнім көлемі 44716,6 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі (ИФО) 98,9%. Аудан бойынша жалпы жеміс-жидек және көкөніс сақтайтын 8 қойма бар. Бүгінгі күні қоймаларға 120 тонна өнім салынды, оның ішінде: 30 тонна – картоп, 90 тонна – жеміс-жидек.
Ағымдағы жылы егіс алқабына 8 403 тоннаға жуық минералды тыңайтқыш қажет бүгінгі күні 6 200 тонна минералды тыңайтқыш сатылып алынды және Ақтау қаласындағы КазАзот кәсіпорнымен Тараз қаласындағы КазФосфат кәсіпорнына 2 525 тонна тыңайтқышқа келісімшартқа отырып, бүгінгі күні Алтынкөл станциясына 22 вагон тыңайтқыш жеткізілді және бүгінгі күні егіс алқабына тағыда 30 000 тонна органикалық тыңайтқыштар тасымалданылды.
Жаңа технологияларды пайдалану бойынша 2022 жылы жаңа технологияларды қолдану жалпы 2128 гектарға тамшылап және жаңбырлап суғару әдісі қолданылады.
Сондай-ақ, саяқ шегірткесіне қарсы аудан бойынша 6 100 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізілді.Оның ішінде ұшақт арқылы: 4 100 гектар, жер үсті техникасы арқылы: 2000 гектар.
Ал мал шаруашылығы саласындағы атқарылған жұмыстар. Аудан бойынша барлық мал түрлерінің саны: ірі қара, барлығы – 105479 бас, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда -106,4 %-ды құрады, қой мен ешкі – 343607 бас, салыстырмалы түрде өткен жылдың осы кезеңімен 15232 басқа өскен, жылқы – 23390 бас болып, өткен кезеңмен 114,5 %-ға жетті, түйе – 372 бастан 545 басқа көбейген немесе 146,5 %-ды құрады, шошқа – 130 бас болып 116,1 %-ға жетті, құстың басы жемдік азықтың қымбаттауына байланысты 36866 бас болып өткен жылдың осы кезеңінен 39247 басқа кеміген.
Ағымдағы жылдың күзгі дала жұмыстарына арзандатылған дизель отынына тауар өндірушілер «Госагро» порталы арқылы 1167 тоннаға өтінімдер берген. Бүгінгі күнге дизель отынын таратушы «Газойл» ЖШС-не 106 шаруашылық 726,4 тоннаға келісім-шарқа отыруға құжаттарын өткізген.Осылардың ішінен 19 шаруашылық 263,0 мың литрге 69 260 мың тенгеге нақты ақшаларын төлеп, арзандатылған дизель отынын алды.
Бөлімде ауыл шаруашылығы саласы бойынша 4 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 9-айда көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны- 527. Ал «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша Панфилов аудан бойынша өткізілген өтінім саны: 48 – 373 млн.
Жер қатынастары мәселесі бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды: Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға алуға) беру жер пайдаланушыларға 525 келісімшарты жасалды. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру бойынша 740,0 га жайылым, 67,0 га шабындық жер учаскелері суармалы егістікке, 50,0 га көпжылдық екпеге, 1098,4 га суармалы егістік, 69,63 га жайылым жер учаскелері көп жылдық екпеге ауыстылып аудан әкімдігінің қаулысы қабылданды. Шаруа қожалықтарынан жаңа шаруа қожалықтарын құру туралы өтініштер түсіп, жер комиссиясының қорытындысымен аудан әкімдігінің қаулысымен 81 жер пайдаланушыларға жер учаскелері бекітілді. Панфилов ауданы бойынша 2023 жылы жер учаскелерін пайдаланымаған ауылшаруашылығы мақсатындағы 198 жер учаскелері жалпы көлемі 27 314,0 га жер учаскелері аудан қорына қайтарылды. Инвестициялық жобаны іске асыруға алынған «Асем-Жетісу» және «Al`sut» ЖШС-нің жер учаскелері пайдаланбағандығы анықталып, ол жобаларды инвестициялық жобалар тізімінен алынып Асем-Жетісу» және «Al`sut» ЖШС- гінің жер учаскелерін аудан қорына қайтару туралы Жетісу облысының арнайы мамандырылған экономикалық сотына талап арыз жолданады. Шаруа немесе фермер қожалығын ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізу үшін тиісті қаражат бөлініп, жер учаскелеріне жерге орналастыру жобалары жасалды.
Панфилов ауданы бойынша 2023 жылдың 11-12 желтоқсанында шаруа немесе фермер қожалығын ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізілді.
Конкурсқа 100 лот жалпы көлемі 486,0 га суармалы егістік жер учаскелері жарияланады.
Екінші қаралған мәселе бойынша Жаркент көпсалалы колледжінің 2022-2023 жылдарда атқарған жұмыстарының есебі туралы колледж директоры Байұзак Бажиевке сөз берілді.
Жаркент көпсалалы колледжі 8 мамандық 11 біліктілік бойынша білім алушы дайындауды жүзеге асырады. Жаркент көпсалалы колледжінде мамандықтар бойынша білім беру қызметі мемлекеттік және орыс тілінде, күндізгі оқу нысаны бойынша - негізгі орта білім негізінде (9 сынып) және жалпы орта білім негізінде (11 сынып) жүзеге асырылады. Білім алушылардың әлеуетті контингентін қалыптастыру және талапкерлерді қабылдауды жүзеге асыру мақсатында жыл сайын директордың бұйрығымен колледжде қабылдау комиссиясы құрылады.
2022-2023 оқу жылында жалпы контингент 401 білім алушы болған, түрлі себептермен білім алушылар қатарынан 33 білім алушы оқудан шығарылған, негіздемесі көрсетілген. Оқуын аяқтаған 132 білім алушыға диплом тапсырылды. Жыл соңында 236 білім алушы қалды.
Жыл сайын оқу орындарындағы мемлекеттік тапсырыстардың бөлінуі кәсіпорындардың мамандарға деген қажеттіліктерін бақылау арқылы қалыптасады. Оқуға түскен кезде мамандық бойынша үміткерлерді тіркеу журналдары сақталады.
Колледж облыстың және аудандарының ұйымдары мен, мекемелерімен ынтымақтастық және әлеуметтік әріптестік және кәсіптік тәжірибе туралы келісім шартқа отырды. Колледждің кәсіптік (өндірістік) практиканың барлық түрлерінен өтуіне, жұмыс орнында қауіпсіз еңбек ету жағдайларына, жұмыстың қауіпсіз жүргізілуін бақылау нысандарына, тәжірибе базасы болып табылатын кәсіпорындармен және ұйымдармен жасасқан келісім-шарттар тараптардың міндеттері мен жауапкершілігі. «Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шарт нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2016 жылғы 28 қантардағы №93 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2018 жылғы 2 қарашадағы №611 бұйрығына сайкес қазіргі таңда колледжбен әлеуметтік серіктестіктер арасында 56 келісім –шартқа қол қойылған оның ішінде: 3 үш жақты келісім-шарт дуалды оқыту бойынша атап айтсақ олар: ЖШС «Жаркент-Арасан», Жаркент крахмал-сірне зауыты, АО «ТАТЭК».
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Шолақай ауылдық округі әкімі аппаратының 2022-2023 жылдарда атқарған жұмыстары туралы есебін округ әкімінің орынбасары Азамат Абдулвали баяндады.
Өз есебінде 2023 жылға Шолақай ауылдық округі әкімі аппаратына бюджеттік бағдарламаларды орындау мақсатында 80 миллион 968 мың теңге бөлінген. Ағымдағы жылдың 9 айы көрсеткіші бойынша аталған қаржының 87,8% , яғни 71 миллион 94 мың теңгесі орындалды. Орындалған қаржыны бюджеттік бағдарламаларға жеке бөлетін болсақ, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер бағдарламасы бойынша 2023 жылға 43 милион 824 мың теңге бөлінген болса, 9 ай көрсеткіші бойынша 37 миллион 62 мың теңгесі игерілді. Бұл бағдарламада көрсетілген қаржы округ әкімінің аппаратын ұстауға, айлықтар мен іссапар шығындарын төлеуге жұмсалды. Сондай-ақ, елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру бағдарламасы бойынша 21 миллион 726 мың теңге бөлінсе, 9 ай қорытындысы бойынша 20 миллион 77 мың теңгесі игерілді. Осы тұста айта кету керек аталған қаржының 20 миллионға жуыға Диханқайрат ауылы, А.Азимбаев көшесіне көше жарығын тарту жұмыстарына жұмсалған болатын, қалған қаражат бұрын көше жарығы орнатылған көшелердің электр энергиясы бойынша шығындарына жұмсалған. Сонымен қатар ауылдық округте орналасқан елді мекендерді күл-қоқыстан тазарту шаралары үшін жұмсалған,елді мекендерді абаттандыру, сырлау және әктеу жұмыстарына қажетті құрал жабдықтарды алыға, Шолақай ауылы Арустен көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жұмсалған, игерілген қаржының 8 миллион теңгесіне Нива қызметтік көлігін алу үшін жұмсалса, 365 мың теңгесі қызметтік қажеттілікке байланысты ноутбук алуға жұмсалған. Қалған бөлінген ақшалар округ аумағындағы керекті құралдармен қамтамасыз етілгендігін баяндады.
Мұнан, соң төртінші мәселе бойынша «Панфилов ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар мен пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын анықтау туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып болған соң қоғамдық кеңес мүшелері қортынды есепке байланысты өз ұсынымдарын білдіріп, сұрақтарын қойды. Осы қаралған мәселелер бойынша кеңес мүшелері қанағаттанарлық деген баға берді.
Сымбат Әбдіреш