Атқарылған жұмыстар бағаланды
- Толығырақ
- Жарияланды 04.01.2024 10:39
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 306
2023-03-17
Жуырда аудандық әкімдіктің кіші межіліс залында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Аталмыш отырысты қоғамдық кеңестің торагасы Азат Жақыбай ашып, жүргізіп отырды. Кезекті отырыста үш мәселе қаралды Бірінші мәселе бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Панфилов ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі туралы» корпусы мемлекеттік өкімшілік Панфилов әкімдігінің 2023 жылғы 23 сәуірдегі №174 қаулысына өзгертулер енгізу туралы ау- дан әкімі аппараты персоналды басқару қызметі бөлімшесінің бас- шысы Әлия Бесқалиева баяндама жасады.
Екінші мәселе «Бюджеттік бағдарламалардың орындалуы, әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы» Талды ауылдық округінің әкімі Қуанышбай Есмұраттың есебі тыңдалды. Өз есебінде ауылдық округтегі ауыл шаруашылығы, бюджеттің орындалуы, әлеуметтік сала, ішкі саясат, мәдениет және спорт, білім, денсаулық салалары бойынша қандай қызмет атқарылып жатқандығы баяндалды. Атап айтарлық ауыл шаруашылық са- ласы бойынша биылғы жылы 925 га жерге жугері дақылы егіліп, мол өнім жоспарлануда жене көктемгі күзгі егіс жұмыстарына жанар-жағармайға госагро сайтында өтінім берілген. Ал мал басын арттыруда ветеринариялық жұмыстар өз мерзімінде жүргізіліп жатқандығын да атап өтті.
Сонымен қатар мемлекеттік қызмет алушы мүмкіндігі шектеулі азаматтарга да қолайлы жағдай жасалған жоне білім саласы бойынша да қысқы от жагу мерзімінде мектептер мен балабақшалардың қатты отынмен толықтай қамтылып, жылылық температурасы нормаға сәйкес болатындығын да мәлімдеді.
Үшінші мәселе бойынша Үлкенағаш ауылдық округі аппараты әкімінің бес айында атқарылған жұмыс есебі тура- лы ауылдық округ әкімі Ермек Еркінұлы баяндама жасады. Баян- дамада айтылғандай, елді мекенде абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қадағаланып отыра- ды. Атап айтқанда, Әулиағаш саябағына 650 түп терек ағашы мен жеміс ағашы және Әулиағаш орта мектебінің ауласына 100 түп жеміс ағаштары, 300 түп рау- шан гүлдері отырғызылып, бүгінгі күнде күтіп бапталуда. Әулиеағаш ауылының солтүстік-шығыс белігіне 32 жанұяны ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 13 мил- лион теңгеге жобалау-іздестіру жұмыстарын және Әулиеағаш ауылының Қ.Қарақызов көшесіне асфальт төсеу үшін 85 миллион теңгеге жергілікті ресурстық смета жасалынып, аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолау- шылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне өтінім берілгендігін мәлімдеді. Сондай-ақ, Жаркент- Арасан ауылының Ш. Уәлиханов, Көктал-Арасан ауылының Уәлиханов, Әулиеағаш ауылының Б.Сайназаров және Шәнті би кешелеріне кеше жарығын ор- нату үшін құжаттары толық заңдастырылып, жұмыстарына құрылыс ақша белуге аудандық экономика бөліміне бюджеттік өтінім берілгендігін де атап өтті. Әулиеағаш ауылына ин- тернет өткізу үшін Қазақтелекомға желілі кабельдік шаруашылыққа тапсырыс беру арқылы DSLAM станциясы 55 абонентке интернет желісі орнатылды. Үстіміздегі жылдың шілде айынан қосымша 32 абонентке интернет желісі орнаты лады. Ал Көктал-Арасан ауылының шығыс бөлігіндегі «Бурақожыр» өзініне дамбы жасау үшін жобалау- сметалық құжаттамага 6 миллион теңге белініп, жұмыс жүргізіліп жатқандығын баяндады.
Баяндамашылардың есебі тындалғаннан кейін қоғамдық кеңес мүшелері Алтын Жамауова, Ризван Сакиева, Базар- хан Әділқызы, Жақыпбай Ақшалов, Нұрлан Әлімов сұрақтарын қойып, өздерінің ұсыныстарын білдірді.