ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ КЕРІМБЕК БОЛАТ БАҚБЕРГЕНҰЛЫ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА

2024-01-11


Депутат жұмыс сапарын Талдықорған қаласындағы бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысудан бастады.

 

Бірінші кезекте Болат Бақбергенұлы өндірістік қуаты тәулігіне 100 м3 құрайтын бетон өндіретін “BARS TECHNOLODGIES” ЖШС-не ат басын бұрып, зауыттың қызметімен танысты.
“BARS TECHNOLODGIES” ЖШС-і жоғары сапалы газдалған бетон блоктарын өндірумен айналысатын кәсіпорын өзінің өндірістік қызметін 2007 жылдан бастап жүзеге асырады.

50-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырған Хан Ирина Родионовнаның айтуынша:

- Өңірде кәсібінің нәсібіне кенеліп жатқан шаруалар аз емес. Дей тұрғанымен, нарықта өзге өңір өнімдерінің бәсі биік, мемлекеттік сатып алу заңына өзгерістер енгілгенін, әр түрлі мемлекеттік конкурстарды қатаң бақылауға алынған жөн, - дейді зауыт директоры.

Дәл осындай мәселені, депутат кездесу барысында “Айсұлу” тігін фабрикасының директоры Болат Жарылқасында көтерді.

Өңірдің шағын және орта бизнесін дамытуға үлес қосып жүрген фабрика халық­тың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарды көптеп жұ­мысқа алған. Атап айтқанда, 26 көпбалалы ана, 36 жалғызбасты ана, 11 мүмкіндігі шектеулі азамат қызмет етеді. Заманауи тігін жаб­дықтарына ие кәсіпорын бүгінде бір рет қолданылатын медици­налық бұйымдар (бетперде, халат, комбинезон) және арнаулы киім формаларын тігеді.

Болат Бақбергенұлы қуаттың қайнар көзі «Қайнар-АКБ» ЖШС –нің жұмыс барысыменде танысты. Еліміздегі жалғыз аккумулятор өндіруші зауыт жылына шамамен 2,5 миллион батарея шығарады.

Бірегей отандық тауар өндіруші «Самұрық-Қазына» холдингінің отандық тауар өндірушілерінің тізілімінде тіркелген, сондай-ақ халықаралық «Интербат» аккумуляторлық батареялар өндірушілер одағына кіреді. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен экспортты ұлғайту жөніндегі жұмыс «Қайнар-АКБ» серіктестігі үшін тұрақты процесс болғанын ерекше атап өту қажет.- Бұл мекеме отандық, шет елден келген аккумуляторды да уақытысы өткеннен кейін қайта іске қосу немесе шығару жұмысын өз міндетіне алған. Алайда, «Жасыл даму» АҚ утилизациялық алымдарды осы кәсіпорыннан талап етіп отыр. Ол миллиардттаған қаражат болғандықтан, бұл мәселені мәжілісте көтеретін боламын, - дейді депутат.
Кәсіпорында жоғары білікті мамандардың жұмыс істеуіне, өнім сапасының үнемі жақсаруына бақылау ерекше. Сәйкесінше, әлемдік стандарттарға және тапсырыс берушілердің нақты талаптарына сай өнімдер шығаруға шынайы кепілдік бар.

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4844539