Жетісу облыстық Мәслихат депутаты аудан тұрғындарының арыз-өтініштерін қарады
- Толығырақ
- Жарияланды 24.01.2024 11:17
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 247
2024-01-24
Жетісу облыстық мәслихат депутаты Сакиова Ризван Абдуликимқызы аудан тұрғындарының арыз-өтініштері бойынша кезекті қоғамдық қабылдауын өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындардың әлеуметтік қамту, жер мәселесі, тұрғын үй тағы көптеген әлеуметтік мәселелері қаралды. Қабылдау жұмыстары халықпен кері байланыс құралдарының тиімділігін арттыруға және партияның жұмысын жаңғырту мақсатында жүзеге асырылуда.
Халық қалаулысы қабылдауға келген аудан тұрғындарының мұң-мұқтажын орындау бойынша жоспар түзіліп, тиісті мекемелер арқылы кезең-кезеңімен шешімі қарастырылатынын айтты. Көкейтесті мәселелер партия бақылауына алынып, бұл бағытта тиісті жұмыстар атқаратынын жеткізді.
Тұрғындар тарапынан түскен өтініштер мен ұсыныс-пікірлер заң аясында қаралып, қабылдау нәтижесі бойынша келген азаматтар оң шешімін тапты.Барлық мүмкіндіктерді қарастырып, белсене атсалысатынын жеткізді.