ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛАДЫ
- Толығырақ
- Жарияланды 02.02.2024 10:23
- Автор: Super User
- Категория: Өңір тынысы
- Қаралды: 254
2024-02-02
2024 жылдың 1 наурызынан бастап облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың өңірлік кадр резервтеріне іріктеу басталады. Іріктеу жұмыстарын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясы жүзеге асырады.
Өңірлік кадр резервінің басты мақсаты – әр өңірде талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар, жас басқарушылардың тобын қалыптастыру.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Бізге түрлі салаларда, жауапкершіліктен қорықпайтын, ерекше әрі тиімді шешімдер қабылдай алатын жаңа формациядағы басқару тобы қажет. Дәл осындай адамдар ел қалауындағы нәтижеге қол жеткізуге қабілетті».
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Бізге түрлі салаларда, жауапкершіліктен қорықпайтын, ерекше әрі тиімді шешімдер қабылдай алатын жаңа формациядағы басқару тобы қажет. Дәл осындай адамдар ел қалауындағы нәтижеге қол жеткізуге қабілетті».
Іріктеуге құжаттарды тапсыру сәтінде 35 жастан аспаған, жоғары білімді және 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
Жетісу облысында іріктеу келесі салалық бағыттар аясында жүзеге асырылатын болады:
1) индустрия және өнеркәсіп;
2) экономика және қаржы;
3) әлеуметтік сала;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;
6) цифрландыру;
7) экология.
Ағымдағы жылдың 1-31 наурызы аралығында өтетін іріктеудің алғашқы кезеңі - құжаттарды қабылдау кезеңінде азаматтар жоғарыда аталған салалық бағыттардың бірін таңдай отырып, onir.pkrezerv.gov.kz платформасында келесі құжаттарын жүктейді:
ü Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесін;
ü білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмесін;
ü еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
ü түрлі түсті фотосуретін.
Сонымен бірге, кандидаттар өз құжаттарын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасына да жіберудің мүмкіндігі қарастырылған.
Кандидаттарға бір ғана өңірді және бір салалық бағытты таңдауға рұқсат етіледі. Одан кейін салалық бағыт пен өңірді өзгертуге жол берілмейді.
Іріктеудің екінші кезеңі - заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу.
Тестілеу Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалының тестілеу залында офлайн форматта өтетін болады.
Бірінші блок. «Заңнаманы білуге арналған тестілеу»:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ);
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ);
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (10 сұрақ) білуге арналған тестілерді қамтиды.
Тест тапсыруға кандидаттарға - 55 минут беріледі және ағымдағы жылдың 5 - 9 сәуір аралығында өтеді.
Екінші блогы «Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуге» заңнаманы білуге арналған тестілеуді ең жоғары баллмен тапсырған кандидаттардың 50%-ы, бірақ 120-дан көп емес кандидаттар жіберіледі. Бұл тестілеуге жалпы 90 минут уақыт беріледі және 13 және 14 сәуір күндері өтеді.
Тестілеуді сәтті тапсырған кандидаттардың тізімі интернет-ресурстарда, сондай-ақ онлайн-платформада кандидаттарды келесі кезеңге жіберу туралы шешім қабылданған кезден бастап орналастырылады.
Іріктеудің «Құзыреттерді бағалау» деп аталатын үшінші кезеңі Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында офлайн форматта 2024 жылдың 22 сәуірі мен 7 маусымы аралығында өтеді. Конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды қатысушылар өз қаражаты есебінен төлейді. Үшінші кезеңде кандидаттардың мінез-құлық индикаторларының жиынтығы арқылы белгілі бір құзыреттерді анықтауға әрі бағалауға бағытталған топтық және жеке жаттығуларды қамтиды. Кандидаттардың мінез-құлқын сертификатталған сарапшы-бағалаушылар бақылайды. Бұл кезеңге алдыңғы кезеңнен жоғары нәтиже көрсеткен 30 кандидат жіберіледі.
Төртінші кезең – «Комиссиядағы құрылымдық сұхбат» кандидат таңдаған салалық бағытқа сәйкес жобаны презентациялау форматында өткізіледі.
Сұхбатқа 23-тен артық емес кандидат жіберіледі. Қатысушының презентациясы 5 слайдтан тұруы керек. Презентация барысында кандидат өзі ұсынған идеяның мәні мен мақсаттарын, оны іске асыру кезеңдерін, ықтимал проблемаларды, күтілетін нәтижелерді ашуы қажет. Презентацияны қорғауға 5 минут уақыт беріледі.
Бұл ретте, комиссия кандидаттарды келесі критерийлерге сәйкес бағалайды:
- аналитика;
- білімнің тереңдігі;
- қарым-қатынас дағдылары.
Іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін құрылымдық сұхбат жүргізу кезеңінде өңірлік резервке қоғамдық бірлестіктер, ҮЕҰ, БАҚ, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері және салалық сарапшылар тартылуы мүмкін.
Үміткерлер үшін ең соңғы «Комиссияның отырысында» резервке кандидаттарды қабылдау туралы ұсыныс шығарылады. Өңірлік резервтерге алынған үміткерлердің тізімі комиссия шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде белгілі болады. Конкурсқа қатысушылардың әр кезеңдегі нәтижелері комиссия шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде интернет-ресурстарда, кандидаттардың жеке кабинеттерінде, жобаның сайтында жарық көреді.
Іріктеу қорытындысы бойынша Жетісу облысының өңірлік кадр резервіне 15 азамат алынады. Өңірлік резервте болу мерзімі - 2 жылды құрайды және жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстық іріктеусіз орналаса алады.
Қобылан МАНАП,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы