«Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары»

2024-02-12


  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің          Жетісу облысы бойынша Департаментінің бас маманы          Насимбаев Азиз Илиясұлы

 2022 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің №814 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексі жаңа редакцияда бекітілді.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың қаңтар айында Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде және кейінірек сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте мемлекеттік аппараттың жұмысы «жаңа тәсілдерді» енгізуді және Мемлекеттік қызмет жүйесін іс жүзінде сервистік және клиентке бағдарланған болуы үшін қайтадан жандандыру қажеттігін атап өтті.

Қазақстандық қоғамда болып жатқан өзгерістер мен біздің күнделікті өміріміздегі факторлар мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңа тәсілдерді талап етеді. Оларды мемлекеттік басқаруда жүзеге асыру жаңа Қазақстанды құру жолындағы басты фактор болып табылады.

Осыған байланысты, қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін арттыру және халықпен кері байланысты жақсарту бойынша жұмыс істеу қажет. Ол үшін адамдарға бағытталған мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру қажет.

Осыған байланысты, жаңа Этикалық кодекс қызметтік этика нормаларын дұрыс түсіну және қолдану үшін өте маңызды.

Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жаңа сын-қатерлерді шешу жаңа редакциядағы Әдеп кодексін қабылдауға себеп болды.

Кодекстің жаңа редакциясында «Мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттары» атты жаңа тарау пайда болды. Осыған сәйкес мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы алты қағидатқа негізделеді:

1) адалдық - қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету;

2) әділеттілік - өз міндеттеріне шынайы көзқарас;

3) әділдік - жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән-жайлар бойынша біржақтылық пен субъективтілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу;

4).ашықтық - жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын болу және өз әрекеттерінің ашықтығын қамтамасыз ету;

5) сыпайылық - азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау

6).клиентке бағдарлану – Мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толық бағдарлана отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жөнінде және өтініштерді қарау кезінде бюрократия мен әуре-сарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау;

Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын негізгі талаптар:

1) қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;

2).заңда белгіленген шектеулерді сақтауға, мүдделер қақтығысын болдырмауға;

3).азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік танытуға, дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік және дұрыс емес мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге, өз әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынның орын алуына жол бермеуге;

4).лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты кез келген сипаттағы заңсыз уәделер бермеуге және заңсыз міндеттемелер алмауға және т.б.

Сонымен қатар, Кодексте, егер мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмесе, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік мәселелер бойынша өз пікірін жария етпеуі, жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашпауы және мемлекеттің лауазымды адамдарының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке сай емес мәлімдемелерді қамтуы тиіс екендігі белгіленген.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Президентінің кейбір жарлықтарына толтырулар енгізу туралы 2023 жылғы 2 қарашадағы №396 жарлығымен, Әдеп кодексінің мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарға толықтырулар енгізілген болатын.

  Бұл ретте,  мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерді орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну қажет делінген.

Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қарапайымдылық танытуға, тиісті қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қол сұғумен ұштасатын қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер Әдеп кодексін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық, тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өткен жөн.

Жаңа Әдеп кодексі қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және мемлекеттік қызметшілерде моральдық-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру үшін негіз болады.

 

Күнтізбе

« Желтоқсан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4844244