Жетісу облысының аумақтық қорғаныс бригадасы келісімшарт бойынша әскери қызметке кандидаттарды қарсы алады

2024-02-1Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында келісімшарт бойынша әскери қызметке шақыру туралы баспасөз мәслихаты өтті. Жетісу облысы аумақтық қорғаныс бригадасының 99285 әскери бөлімінің командирі Бағлан Чегебаев пен әскери бөлім командирінің көмекшісі Бақытжан Тұрсынов бұл шақырудың маңыздылығы туралы айтып берді. 


Спикердің айтуынша, келісімшарт бойынша әскери қызметке үміткерлер  қажетті  жеке,  моральдық  және кәсіби қасиеттерге, білім деңгейіне ие болу, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды болу,  курсанттарды,  кадеттерді  қоспағанда, он  сегіз жастан кіші болмау және олардың әскери қызметте болудың шекті жасына толуы керек. Әр түрлі әскери атақтарға қызмет ету уақыты әр түрлі, аға офицер немесе  жоғары сержант үшін 5 жастан бастап, қатардағы және кіші сержанттар үшін 12 жыл 6 айға дейін келісімшарт жасалады.
Қазіргі уақытта келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің 10%-дан астамын әйелдер құрайды. Әйелдер операторлардың, байланысшылардың, дәрігерлердің, қаржыгерлердің лауазымдарына және басқа да мамандықтар бойынша  лауазымдарда әскери қызмет өткереді.
Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін қажетті құжаттарды қабылдау, медициналық куәландырудан өту, дене шынықтыру дайындығы деңгейінің сәйкес келуін анықтау, кәсіби даярлық деңгейін және тағайындау үшін қаралып отырған әскери лауазым әскери-есептік мамандығының сәйкес келуін айқындау, психологиялық тұрғыдан жарамдылыққа тексеруден өтуді қамтиды.3


 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4157288