«САЯСИ SMM: ДЕПУТАТТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ІЛГЕРІЛЕТУ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ ӨТТІ

2024-02-15


Жетісу облысында арнайы семинар-тренинг екі күн қатарынан өтіп, онда депутаттар контент жоспар құру, аудитория жинау, негативпен жұмыс істеу және жеке бренд қалыптастыру бойынша дәріс тыңдады.

 

«Барлық деңгейлі мәслихат депутаттары үшін бұл аса маңызды және қажеттілігі мол семинар деп есептеймін. Дәріс барысында сайлаушылармен байланыс орнатумен қатар, әлеуметтік желі арқылы партиялық жобаларды ілгерілетудің жолдары түсіндірілді, - деді мәслихаттағы «AMANAT» фракциясының жетекшісі Арыстанғали Арын.

Оқыту жұмысын «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ұйымдастырды. Тренер ретінде «TuraNews» порталының бас редакторы Алмас Тоқабаев, «Kozildirik Media Group» PR-агенттігінің басшысы Ерлан Мүсіпов, «Basnews.kz» порталының бас редакторы Рамазан Дәулетбаев сынды масс-медиа саласындағы танымал сарапшылар дәріс өткізді. Осыған ұқсас семинар-тренингтер биыл қаңтар-сәуір айлары аралығында еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылады.
Шара соңында барлық деңгейлі мәслихат депутатына арнайы сертификат табысталды.

--

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4156707