"Қарызсыз қоғам "

2024-02-16


«AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы бастау алды. Биыл «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Панфилов ауданында 1500 адамды оқыту жоспарлануда.

 
 
Қазіргі уақытта Панфилов ауданы, Пенжім ауылында өтуде. Аталған шара барысында аудандық партия филиалының төрағасы жобаға қатысушы аудан тұрғындарына сарапшы А.Бералиеваны таныстырып, дәл қазіргі уақыттағы қарыздар санын азайтудың қандай жолдары бар екенін, несиелік тәртіп мәселелерін шешу жолдарын сарапшы түсіндіріп беретінін айтып өтті. Аудан орталығында өткен шараға 50 ден аса аудан тұрғындары қатысты. Айта кетейік, жобаның негізгі мақсаты – азаматтардың әсіресе, берешегі бар қарыз алушылардың (жеке тұлғалар) қаржылық сауатын арттыру. Оқыту жұмысы жыл соңына дейін жалғасады. Жобаға қатысушылар, өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды үйренеді. Олар қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын, несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екенін білетін болады. 
Қаржы мамандарының дәрісінен бөлек, қосымша оқу процесіне қатысушыларға заңгер көмегі көрсетіледі. Олар әр қарыз алушының несие тарихын жеке-жеке зерттеп, қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша тәжірибелік кеңес береді және бизнес жоспар жасауға көмектер көрсетеді. Жобаға қатысушылар, өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды үйренеді. Олар қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын, несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екенін білетін болады. Қаржы мамандарының дәрісінен бөлек, қосымша оқу процесіне қатысушыларға заңгер көмегі көрсетіледі. Олар әр қарыз алушының несие тарихын жеке-жеке зерттеп, қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша тәжірибелік кеңес береді және бизнес жоспар жасауға көмектер көрсетеді. Сарапшыларымыз 5 ақпаннан бастап тренинг өткізіп келеді. Оған жазылу үшін тұрғылықты жер бойынша аудандық әкімдікке хабарласу қажет. Жобаға қатысушылар күндізгі форматта сауатын арттырады деп жоспарлануда. Бір топта 50-70 адамға дейін оқытылады. Дәрістің ұзақтығы – 5 жұмыс күні. Аудан тұрғындары үшін бұл жоба тиімді әрі нәтижелі болатынына сенімдіміз.
#AMANAT

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4157425